• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 18:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Айнагүл Абдраимова: Ауылдың дамуына арналған жеті басымдық

Абдраимова Айнагул Бекболовна — Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан кандидат.

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
11.11.2026, 01:28
Сайлау-2026
Айнагүл Абдраимова: Ауылдың дамуына арналған жеті басымдық
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қысқаша өмірбаян

Мен, Абдраимова Айнагул Бекболовна, 1979 жылғы 1 қарашада Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Каменка ауылында дүниеге келдім. 1985–1996 жылдары Каменка орта мектебінде оқыдым. 2008–2010 жылдары Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 1999 жылы Каменка орта мектебінде іс жүргізуші болып бастадым. 2010 жылдан бері Құлан агротехникалық колледжінің дуальды оқыту бағдарламасына серіктес тәлімгер ретінде қатысып келемін. 2022 жылы «АлРай» шаруа қожалығын құрып, содан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келемін.

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысамын. Құлан ауылындағы Құлан мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесінің мүшесімін. Тұрмыстамын, төрт бала тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар, қадірлі жерлестер!

Ауыл шаруашылығында, білім беру саласында және қоғамдық жұмыста жинаған тәжірибемді ауданымыздың дамуына жұмсағым келеді. Сіздердің сенімдеріңізге ие болсам, депутаттық өкілеттігім аясында мына жеті бағыт бойынша жұмыс істеймін.

1. Әділетті мемлекет және қауіпсіз қоғам

  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылықтың алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге және олардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды қолдаймын.
  • Тұрғындардың тұрмыс сапасына әсер ететін мәселелерді мәслихатта көтеріп, олар бойынша шешім қабылдауға белсене қатысамын.
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыратын бастамаларды қолдаймын.

2. Азық-түлік қауіпсіздігі және қолжетімді баға

  • Жергілікті шаруалардың өнімді бірлесіп өндіруіне, өңдеуіне және өткізуіне мүмкіндік беретін кооперацияны дамытуға жәрдемдесемін.
  • Мемлекеттік қолдауды өнім өндіретін және жұмыс орындарын ашатын шаруашылықтарға бағыттау жөнінде ұсыныс беремін.
  • Жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғап, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын қолдаймын.

3. Жол, су және әлеуметтік инфрақұрылым

  • Жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылау жүргізуге атсалысамын.
  • Су тапшылығының алдын алу үшін су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану шараларын қолдаймын.
  • Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының құрылысына қаржы бөлу мәселесін аудандық бюджетті талқылау кезінде көтеремін.
  • Инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын бақылауға тұрғындарды тартуды қолдаймын.

4. Әділетті әлеуметтік саясат

  • Өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдаймын.
  • Мүгедектігі бар азаматтардың жұмысқа орналасуына және әлеуметтік нысандарға кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасау мәселесін көтеремін.
  • Ауылдағы медициналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етемін.
  • Коммуналдық тарифтердің қалай белгіленетіні және не себепті өзгеретіні туралы ақпараттың тұрғындарға ашық берілуін қолдаймын.
  • Ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдаймын.

5. Білім, ғылым және кәсіби даярлық

  • Ауыл квотасымен білім алған түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесемін.
  • Колледждер мен жергілікті жұмыс берушілердің дуальды оқыту аясындағы әріптестігін қолдаймын.
  • Егде жастағы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған қолжетімді курстар ұйымдастыруға ықпал етемін.

6. Отбасы құндылықтары және ұрпақ сабақтастығы

  • Отбасының қоғамдағы рөлін нығайтатын, еңбек әулеттерінің өнегесін танытатын және адал еңбекті дәріптейтін іс-шараларды қолдаймын.
  • Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған шараларды қолдаймын.
  • Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және жастардың бос уақытын пайдалы өткізуіне тең мүмкіндік жасауға ықпал етемін.

7. Экология және көгалдандыру

  • Ауылдарда саябақтар мен гүлзарлар ашу, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі бастамаларды қолдаймын.
  • Қолданыстағы жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау мәселесін көтеремін.

Баршаңызды «Ауыл» партиясын қолдауға шақырамын!

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – ГҮЛДЕНЕДІ ЕЛІМІЗ!

Тапсырыс беруші: А. Б. Абдраимова.

№8 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Айнагүл Абдраимова
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жазира Көлбаева: Халық үні – менің басты ұстанымым!

Жазира Көлбаева: Халық үні – менің басты ұстанымым!

11.11.2026, 08:02
Абылай Баизатов: Таластағы жол, ауызсу және жұмыс орындары

Абылай Баизатов: Таластағы жол, ауызсу және жұмыс орындары

11.11.2026, 01:53
Сейтбек Кокумбаев: Ауылды дамытуға арналған жеті басымдық

Сейтбек Кокумбаев: Ауылды дамытуға арналған жеті басымдық

11.11.2026, 01:12
Айдынбек Әліпбай: Таласта ауыл тұрмысын жақсарту

Айдынбек Әліпбай: Таласта ауыл тұрмысын жақсарту

11.11.2026, 00:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.