Жаңадан тағайындалған қала басшысын аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қабылдап, жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Аудан басшысы қаладағы инфрақұрылымды жандандыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және абаттандыру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Жиын барысында аудандық ардагерлер, аудандық билер мен қоғамдық кеңес төрағалары да ізгі тілектерін жолдап, жемісті қызмет етуіне тілектестіктерін жеткізді.
Айта кетейік, Сақыпбеков Жұмат Жүмабекұлы 1980 жылдың 22 тамызында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. Ол 2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономист», ал 2011 жылы аталмыш университетте «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.







