• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді

turan_admin turan_admin
19.07.2021, 19:57
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
254
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде соңғы кезде індет жұқтырған адамдардың саны күрт артып кеткенін атап өтті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.

– Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу. Қалыптасқан ахуалдың өте күрделі екенін ашық айту керек. Пандемия өңір басшылары үшін нағыз сынақ болды. Бұл сынақты кем дегенде әкімдердің жартысы, ең жақсы дегенде, «үшке» тапсырады. Осындай жағдайда Үкіметтің үйлестірушілік рөлі бірнеше есе арта түседі. Бұл жерде сырттан тон пішіп отыратындардың пікірі маңызды емес. Үкімет пен тиісті ведомстволардың үйлестірушілік рөлін күшейту қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы вакциналау деңгейі төмен өңірлерге әдістемелік көмек көрсету үшін шұғыл түрде көшпелі бригада жасақтауды тапсырды. Оның пікірінше, екпе салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс барысында саралау әдісін қолданған жөн.

– Бұл топ біркелкі емес. Екпе салдырудан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдардың ішінде ойланып жүргендері көп. Барлық әдіс-тәсілді пайдалану, соның ішінде, әлеуметтік желілер арқылы олардың көзін жеткізу керек. Батыстың кейбір дамыған елдері көз жеткізу әдісінен мәжбүрлеу шараларына көшіп жатыр. Ірі еңбек ұжымдарының қызметіне байланысты ерекше жағдайлар болмаса, біз ондай қадамға бармаймыз. Сондықтан өз дегенінен қайтпайтын азғана антиваксерлерге бола, отбасыларын өз еңбегімен асырап отырған азаматтарымыздың денсаулығын қатерге тіге алмаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырма берілді.  Антиваксерлер деген кімдер екенін анық әрі нақты түсіну керек және олардың толық әлеуметтік бейнесін ашу қажет.

– Негізінен вирус жұқтыру деректері сауда ойын-сауық орталықтарында, кафелер мен ресторандарда болатынын ескеру керек. Мұндай жағдайда сақтану шаралары, соның ішінде вакцинация маңызды орын алады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өңірлердегі вакциналардың тапшылығына қатысты мәселені көтерді. Атап айтқанда Алматыда екпенің бірінші дозасы бойынша вакциналаудың бір-ақ күнгі көлемі (6,8 мың доза) қалған. Осы ретте бірқатар өңірде екпе егудің орташа қарқыны бойынша есептегенде қалған вакцина Алматыдағыдан ондаған есе көп. Денсаулық сақтау министрлігіне өңірлермен бірлесіп, вакцинация қарқынына дұрыс болжам жасауға, сондай-ақ, жарамдылық мерзімін ескере отырып, вакцинаны қайта жіберу жүйесін жолға қоюға тапсырма берілді.

– Иммунитет қалыптастыру үдерісін тежеп отырған тағы бір өзекті мәселе – вакцинацияның жалған паспорттары. Мұндай теріс құбылыстардың алдын алып, олардың таралуына жол бермеу маңызды. 16 шілдедегі мәлімет бойынша 65 қылмыстық іс қозғалған. Яғни, жұмыс басталды. Енді оны белсенді жалғастыру керек. Бұл өте ауыр қылмыс. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін іс-әрекет. Вакцинация паспортының қолдан жасалуына жол берген тұлғаларға қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеңес барысында вакцина өндірісі саласындағы көшбасшы елдерден әкелінетін екпелердің түрлерін кеңейту мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік жаңа «Спутник лайт» вакцинасын жеткізу және оны отандық фармацевтикалық алаңдарда шығару мәселесін пысықтауды тапсырды.

– Отандық QazVac вакцинасын қыркүйек айында шығару жоспарланып отырғанын ескере отырып, оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелуін тездету қажет. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы. QazVac вакцинасын екіжақты уағдаластықтар аясында үшінші елдердің нарығына шығару жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауға алуды және бір ай ішіндегі атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндауды тапсырамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы вакцинация мәселесінде отандық бизнестің бірегей ұстанымы аса маңызды деп санайды. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізбей, бизнеске қойылған санитарлық шектеулерді алып тастау мүмкін емес. Бұл бизнес пен тұтынушылар үшін көп жағдайда Ashyq цифрлық шешімнің арқасында мүмкін болып отыр.

– Соңғы кездері індет жұқтырғандардың және олармен байланыста болған адамдардың, яғни қоғамдық орындарға барған «қызыл» мен «сары» түс мәртебесі бар тұлғалардың саны арта түсті. Осы ретте арнайы бағдарлама оларды анықтағанда, ниеті бұзық адамдар басқа демалыс орындарын іздеуге ұмтылады. Мұндай жауапсыз тұлғалар айыппұлдардан мүлде қорықпайды, тіпті оларға ешкім айыппұл салмайтын сияқты. Әйтпесе, ЖСН-ді және иммундық мәртебені тіркеу жүйесі бар ғой. Азаматтар осындай жауапсыздықтары үшін жазалануы тиіс. Карантиндік шектеулерді сақтау талаптарын қатаңдатуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты. Ол үшін денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

– Ауруханалардағы төсек-орындарды індетпен ауырғандар үшін қайта дайындау ісіне байланысты жоспарлы операцияларды жасауға алтын уақытымыз кетіп жатыр. Нәтижесінде патологияның меңдеуі салдарынан қайтыс болған  науқастардың саны артуда. Бұл емдеу ісінің табысты болу мүмкіндігін барынша төмендетіп, емге көп қаржының жұмсалуына әкеп соқтырады, – деді Мемлекет басшысы.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев елде күрделі ахуал қалыптасып отырғанын атап өтіп, жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмау керек екенін айтты.

– Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс.  Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы бүгінгі көтерілген мәселенің бәрі Үкіметтің ерекше бақылауында болуы тиіс екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының өз денсаулықтарын, жақындары мен отбасыларын сақтауы қажеттігіне назар аударды.

– Коронавирус біз үшін ең қымбат жандарды алып кетіп жатыр. Індетке қарсы күресте аға буын өкілдері зардап шегуде. Дегенмен, балалардың да ауырып жатқаны мазалайды. Ата-аналарынан вирус жұқтырған бір жастағы сәбилердің қатты ауыратынын елестетудің өзі ауыр. Жақында ғана бұл мүмкін еместей көрінген, бірақ қазіргі кезде мыңдаған сәби осы қауіпті індетті жұқтырған. Өзіңді және жақындарыңды осы қатерден сақтаудың жалғыз жолы – вакцинация, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.