• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:07
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мектеп асханаларының жай-күйі қалалық қоғамдық кеңестің бақылауында

Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің жартыжылдық қызметін қорытындылау барысында атқарылған ауқымды жұмыстардың көш басында мектеп оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету сапасын жақсарту мәселесі тұр.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
17.07.2026, 13:00
Абырой
Мектеп асханаларының жай-күйі қалалық қоғамдық кеңестің бақылауында
25
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы мақсатта ағымдағы жылдың мамыр айында қалалық қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №67 мектептің мәжіліс залында «Тараз қаласының мектептерінде оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» тақырыбында маңызды қоғамдық тыңдау өткізілді. Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұ.С.Сламбекова бастаған облыстық білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлер, Әулие-Ата және «Жібек жолы» аудандарының әкімдері, қала әкімдігінің бөлім басшылары, округтерге бекітілген аға инспекторлар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Жалпы саны 160-қа жуық адамды біріктірген бұл алқалы жиында мектептегі тамақтанудың өзекті мәселелері ашық талқыланды.

Қоғамдық тыңдау барысында қалалық қоғамдық кеңес дайындаған баяндама оқылып, онда Тараз мектептерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жүйесіне жүргізілген қоғамдық мониторингтік зерделеу мен сараптамалық талдау нәтижелері жарияланды. Баяндамада бұл саладағы бірқатар маңызды және жүйелі сипаттағы кемшіліктер нақты айтылды. Мәселелердің тек жекелеген техникалық олқылықтармен шектелмей, жалпы бақылау, есеп жүргізен реттілік пен жауапкершілік тетіктерінің жеткіліксіз ұйымдастырылатындығы айғақтармен келтірілді. Атап айтқанда, қоғамдық мониторингтік зерделеу жүргізу барысында бракераждық комиссиялардың қызметіне қатысты бірқатар сұрақтардың жауапсыз қалғандығы сынға алынды. Соңғы үш жыл ішінде азық-түлік пен дайын тағам сапасына қатысты бірде-бір шағымның тіркелмеуі және жауапсыз мердігерлермен келісімшарттардың бұзылмауы бұл комиссиялардың жұмысы формалды сипатта жүргізілетіндігін, ал бақылау тетіктерінің тек қағаз жүзінде ғана құрылатындығын айқын көрсетті.

Жалпы алғанда, қалалық білім бөлімі тарапынан мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыруға қатысты орталықтандырылған бақылау жұмыстарының формальділігі, анықталған кемшіліктер бойынша жүйелі бақылау мен талдау жүргізілмейтіндігі, нәтижесінде оқушылардың сапалы әрі теңгерімді тамақтануы қамтамасыз етілмей отырғандығы қоғам белсенділері тарапынан өткір сынға алынды. Мәселен, ай сайын ұсынылатын табельдік мәліметтерде мектепке келмеген оқушылардың себептері толық әрі нақты көрсетілмейтіні анықталды. Бұл жағдай негіздемесіз немесе дәлелсіз есептердің ұсынылуына жол ашып, бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына және мұндай есептердің жекелеген мүдделі тараптардың пайдасына бұрмалануына әкеліп соғатындығы ескертілді.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің тәуелсіз сараптамашылары жүргізген сараптамалық талдау барысында анықталған ыстық тамақпен қамтылуы тиіс әлеуметтік санаттағы оқушылардың есебіне қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Бастауыш сынып балаларының барлығы бірдей тегін тамақтанғанымен, мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыруда ілгерілеушілік байқалмайтындығы, баучер өткен жылғы көрсеткіштің деңгейінде қалып отырғандығы, баучер ала алмаған, бірақ қамтылуы қажет оқушылардың орталықтандырылған деректер базасы қалыптастырылмағандығы олардың нақты саны мен қамтылу деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейтіндігі және әлеуметтік қолдаудың тиімділігіне кері әсерін тигізіп отырғандығы айтылды.

Осы орайда қоғамдық кеңес оқушылар асханасында орын алған келеңсіз жайттарды жою жолында өз өкілеттігі шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарды. Мониторинг нәтижесінде ата-аналардың талап-пікірі мен ұсыныстарын талдай отырып, мектептегі тамақтану сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленіп, атқарушы мемлекеттік орган басшыларына жолданып, олардың орындалуына қатаң қоғамдық бақылау орнатылды.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш екі іс-шараның материалдары «Фейсбук» әлеуметтік желісіне салынып, қалалық «Жамбыл-Тараз», облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінің беттерінде көлемді материалдар жарияланды, сондай-ақ жергілікті телеарналардан көрсетіліп, көпшілік назарына кеңінен ұсынылды.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Қоғамдық кеңесТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.