Ағымдағы жылы ІІМ білім беру ұйымдарымен бірлесіп 107 бос лауазымға орналасуға 2 конкурс өткізілді, оған 101 кандидат қатысқан. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысының полиция департаменті жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа, заңдылық пен тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шараларын жүргізуде.
ҚР ІІМ-нің ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен қатар, ПД-нің әрбір қызметінің ерекшелігін ескере отырып әзірленген және алдын алу бағытындағы нақты іс-шаралары бар ведомстволық бағдарлама аясында жүзеге асуды.
Осындай қабылданған шаралардың және идеологиялық жұмысты жандандырудың нәтижесінде 2022 жылдың 6 айында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 9,3% — ға төмендеген.
Ең тиімді әсер ету үшін офицерлік жиналыстарда бұзушылық фактілерін қарауды қоғамдық айыптау әдісі қолданылған.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жеке құрамның қатысуымен айыптау үкімін тыңдай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған қызметкерлерге қатысты ашық сот отырыстарын өткізу міндетті практика болып табылады.
ЖП тұрақты негізде жеке құраммен идеологиялық жұмысты жетілдіру, полицияның оң имиджін қалыптастыру, полиция қызметкері кәсібінің беделін арттыру бойынша жан-жақты шаралар қолданылады.
Өткен кезеңде полиция департаменті жеке құрамын идеологиялық тәрбиелеуге бағытталған 18 іс-шара өткізілген.
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» қалалық саябағында «Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың» ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасы өткен.
Жамбыл облысы ПД саптық плацында қызметі бойынша ерекшеленген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілген. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі, облыстық мекемелердің басшылары, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жесірлері, ІІО ардагерлері, жеке құрам мен олардың отбасы мүшелері, жұртшылық шақырылған.
Салтанатты шара Жамбыл облысы ЖП қызметкерлерінің күшімен дайындалған «Баласағұн» ОКЗ облыстық мәдениет орталығында және облыстық филармонияда өткен мерекелік концерттерге ұласқан.
ІІО қызметкерлерінің имиджін көтеру және «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде ерлік көрсеткен қызметкерлердің ерлік әрекеттерін насихаттау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі -дейді Жамбыл облысы ПД кадр саясаты басқарма бастығы.
Қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мен қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған қызметкерлер назардан тыс қалмай. Мереке қарсаңында оларға бару ұйымдастырылып, қол жетімді көмек көрсетілуде.
Жамбыл облысы ПД кадр саясаты басқармасы ақпаратымен Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырымен дайындалды
Жатқанбай Әділет






