• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Кәсіподақ көмектеседі: екі жылға созылған сотта қызметкердің құқығы қорғалды

«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясындағы «Кәсіподақ көмектеседі» жобасы кәсіподақ ұйымдарының еңбек адамын нақты істермен қолдайтынын көрсетуді мақсат етеді. Осындай нақты көмектің жарқын мысалдарының бірі – Жамбыл ауданы білім бөлімінің есепші мамандарының құқықтарын қорғау барысында көрініс тапты.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
01.08.2026, 21:40
Абырой
Кәсіподақ көмектеседі: екі жылға созылған сотта қызметкердің құқығы қорғалды
23
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
2023 жылы құзырлы органдар жүргізген тексеріс қорытындысы бойынша «Білім қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл аудандық комитеті» филиалы қоғамдық бірлестігі мен «Жамбыл ауданы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында жасалған Ұжымдық шарт негізінде бұрын төленген қосымша төлемдер заңсыз деп танылып, қызметкерлерден аталған қаражатты мемлекетке кері қайтару талап етілді.
Бұл жағдай есепші мамандар үшін күтпеген әрі күрделі сынақ болды. Ұзақ жылдар бойы қолданыстағы ұжымдық шарт негізінде төленіп келген қаражатты қайтару қаупі олардың әлеуметтік жағдайына ғана емес, моральдық-психологиялық ахуалына да кері әсер етті.
Осындай жағдайда Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қызметкерлердің құқықтарын қорғауға белсенді түрде кірісті. Кәсіподақтың құқықтық қызмет жетекшісі Әлия Джолшибекова мен заңгер Ғазиз Оспанов екі жылға созылған сот процесінде қызметкерлердің мүддесін барлық сот сатыларында кәсіби деңгейде қорғап, жан-жақты құқықтық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.
Кәсіподақ заңгерлерінің жүйелі әрі білікті жұмысының нәтижесінде сот әділ шешім қабылдап, Жамбыл ауданы білім бөлімінің есепші мамандары бұрын төленген қаражатты мемлекетке қайтару міндетінен босатылды.
Бұл оқиға кәсіподақтың тек кеңес берумен шектелмейтінін, қажет болған жағдайда өз мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сотта қорғап, нақты нәтижеге қол жеткізетінін айқын дәлелдейді.
«Кәсіподақ көмектеседі» жобасының басты мәні де – еңбек адамы қиындықпен бетпе-бет қалған кезде оның жанынан табылып, құқықтық қолдау көрсету, заңды мүддесін қорғау және әділдікке қол жеткізуге ықпал ету. Жамбыл ауданы білім бөлімінің есепші мамандарының ісі – кәсіподақтың нақты көмегі мен нәтижелі жұмысының жарқын үлгісі.
Кәсіподақтың кәсіби құқықтық қолдауының арқасында қызметкерлер өз құқықтарын қорғап қана қоймай, әділ шешімге қол жеткізді. Бұл – ұйымның әрбір мүшесінің құқығы мен заңды мүддесін қорғау кәсіподақ қызметінің басты басымдығы екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Жанар ҚОНАРОВА,
Жамбыл ауданы білім бөлімінің қызметкерлермен
есеп айырысу секторының меңгерушісі
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды
Тегтер: еңбекКәсіподақҚұқық қорғау
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.