• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 21:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Еш нәтиже көрмей отырмыз». Қарашөкеев аудан әкімдерін сынады

Ербол Қарашөкеев инвестиция тарту бойынша артта қалған Тараз қаласы мен аудан әкімдерін сынға алды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
03.05.2024, 20:52
Облыс жаңалықтары
«Еш нәтиже көрмей отырмыз». Қарашөкеев аудан әкімдерін сынады
52
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрғалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің  орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысты.

Аймақ басшысы алдымен 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы бірқатар кемшіліктерге тоқталып, облыстың қарқынды дамуы үшін тиімді тетіктерді белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 193,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілгенін, оның ішінде тау-кен өндіру саласындағы өндіріс көлемі 13,4 пайызға артқанын хабарлады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 44,7 млрд теңгені құрап, ет және сүт өндірісі өскен.

Құрылыс (10,6%), байланыс (10,1%), көлік (16,7%), инвестиция (24,4%), пайдалануға берілген тұрғын үй (2,8%) көрсеткіштерінде де оң динамика байқалады.

Басқарма басшысы жекелеген салалардағы төмен көрсеткіштерге тоқталып, жұмыстың толық көлемі орындалмаған аудандардың рейтингісін ұсынды.

Облыс әкімі Меркі, Байзақ, Т. Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады.

Ербол Қарашөкеев инвестиция тартудағы кемшіліктерге қатысты Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының сылбыр жұмысын сынға алды.

Мемлекет басшысы инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы үнемі айтып келеді. Алайда, жұмыс қарқыны ойдағыдай дей алмаймыз. Барлық кемшіліктерді жоюдың және көрсеткіштерді жақсартудың екі жолы бар, ол – жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды белсенді қолдау және инвестиция тарту арқылы жаңа жобаларды іске асыру. Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Дегенмен, аудан әкімдері әлі де бұл қарқынға ілесе алмай келеді. Олар бір бағыттағы жобалармен жүр. Мәселен, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов аудандарында субзоналар салу жоспарланған. Бірақ, Т.Рысқұлов ауданынан еш нәтиже көрмей отырмыз. Инвесторларды өзіміз тауып, оларға қызықты жобаларды ұсынып, кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін де тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, қолдау көрсету керек. Тек сонда ғана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыстық бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек баяндады. Аймақ басшысы бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Басқосу барысында Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының әкімдері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, құрылыс және ішкі саясат басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өнеркәсіпті, бөлшек сауданы дамыту, құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы тиіс. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жүйелі жүргізу қажет. Тағы бір маңызды бағыттың бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы шараларды күшейту маңызды, – деді облыс әкімі.

Кеңес соңында Ербол Қарашөкеев жартыжылдық қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуді, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыруды жалғастыруды, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерін «Береке – бірлікте» акциясына тартуды, мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: әкімЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысыинвестиция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.