• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:04
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еңбек адамының құқығы – кәсіподақ назарында

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
02.08.2026, 00:12
Абырой
Еңбек адамының құқығы – кәсіподақ назарында
14
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай кәсіподақтық науқаны аясында жүзеге асырылып жатқан «Кәсіподақ жанында – заңгерлік көмек көрсетудің бірыңғай күні» жобасы аясында Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Бұл туралы Жамбыл облысының Кәсіподақтар орталығы хабарлады.
Іс-шараға «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Нұрлан Махашов пен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ғазиз Әміреев қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – медицина қызметкерлеріне еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру және қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап ұсыну болды. Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Е.Житкеева еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыс және демалыс режимі, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қызметкерлерді қорғау мәселелерін көтерді. Бұл тақырыптар денсаулық сақтау саласы қызметкерлері үшін аса маңызды екені атап өтілді.
«Кәсіподақ жанында – заңгерлік көмек көрсетудің бірыңғай күні» жобасының басты ерекшелігі – еңбеккерлерге құқықтық мәселелер бойынша кәсіби әрі қолжетімді кеңес беру. Осыған сәйкес кездесуге қатысқан мамандар еңбек қатынастарына байланысты қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы аясында жан-жақты түсіндірме берді. Қызметкерлер еңбек шартын жасау мен тоқтату, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер және өзге де құқықтық мәселелер бойынша қажетті ақпарат алды.
Сонымен қатар ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, олардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Әрбір өтініш назардан тыс қалмай, қызметкерлердің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.
Кәсіподақ қызметінің басты міндеттерінің бірі – еңбек адамының заңды құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау. Осы бағыттағы құқықтық түсіндіру жұмыстары еңбек дауларының алдын алуға, еңбек қатынастарының заң талаптарына сай жүргізілуіне және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына оң ықпал етеді. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өз құқықтарын тиімді қорғауына мүмкіндік береді. Сондықтан «Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» науқаны аясындағы «Кәсіподақ жанында – заңгерлік көмек көрсетудің бірыңғай күні» жобасы еңбек адамын қолдаудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және әділетті еңбек қатынастарын қалыптастырудың маңызды тетігі болып қала береді. Қуатты кәсіподақтың күші – оның мүшелерінің бірлігі мен белсенділігінде. Ал еңбек адамының құқығы сенімді қорғалған жерде әлеуметтік тұрақтылық пен кәсіби дамудың берік негізі қаланады.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды
Тегтер: арнайы кездесуеңбек адамыКәсіподақ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.