• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еңбек адамы – ел мақтанышы: Білім ошағын тазалықпен нұрландырған жан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында қоғамда еңбек адамының мәртебесін биіктету қажеттігін шегелеп айтқан болатын.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
03.06.2026, 19:12
Абырой
Еңбек адамы – ел мақтанышы: Білім ошағын тазалықпен нұрландырған жан
34
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Президент өз сөзінде еліміздегі ең сыйлы тұлғалар – адал еңбегімен танылған кәсіби мамандар мен еңбекқор азаматтар болуы тиіс екенін, мемлекеттің дамуы да солардың қолында екенін алға тартты. Ұлттық құрылтай мен «Жастар рухының» съезінде де бұл мәселеге арнайы тоқталған Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына шынайы құрмет көрсетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Шын мәнінде, адал еңбекпен табылған нәпақа мен күнкөріс қашан да қадірлі, өйткені тіршіліктің берекесі де, отбасының асыралуы да осы еңбекке тікелей байланысты.

Бүгінде айналамызда өзінің күнделікті ісімен қоғамның өркендеуіне үлес қосып жүрген қарапайым жандар аз емес. Солардың қатарында мекеме тазалығына жауап беріп, айналаны ретке келтіріп отыратын кіші қызметкерлердің орны бөлек. Әріптестері мен шәкірттерінің ілтипатына бөленіп, өз мамандығын шаңырағының ырысына айналдырған жандардың бірі – Жамбыл ауданындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің қызметкері Тазагүл Әлімбетова. Кезінде Самарқанд ауыл шаруашылығы институтын «зоотехник-инженер» мамандығы бойынша бітірген ол еңбек жолын өзі туып-өскен Қарақалпақстан Республикасының Кегелі елді мекеніндегі ветеринариялық зертхананың меңгерушісі болып бастаған еді. Сонда жүріп Қайрат Қожаназаров есімді азаматпен отбасын құрған ол, 2003 жылы жарымен бірге болашағын атажұртпен байланыстыру мақсатында Тараз қаласына көшіп келеді. Кейінірек олар Аса ауылына қоныс аударып, осы жерде ұл-қыз өсіріп, тәрбиелейді.

Тазагүлдің айтуынша, елге келген алғашқы жылдары баспаналы болған соң, тұрақты жұмыстың жоқтығынан ерлі-зайыптылар сауда-саттықпен айналысып, өз кәсіптерін дөңгелетуге тырысқан. Кәсіп бастаудың қым-қуыт қиындықтарын бірге еңсеріп, балалары есейген тұста Тазагүл перзенттерінің тәрбиесіне көбірек уақыт бөлу үшін мектепке кіші қызметкер болып орналасады. Өз жұмысын жанымен сүйетін кейіпкеріміз бүгінде мектеп ұжымының өте ұйымшыл екенін, басшылық тарапынан да еңбектері үнемі еленіп, марапатталып тұратынын ризашылықпен жеткізді. Оның жолдасы әлі де кәсіпкерлікпен айналысады, ал Тазагүлдің осы білім ошағында еңбек етіп келе жатқанына 12 жылға жуықтаған.

Өткен күндерді еске алған ол бұрынғы уақытта жағдайдың анағұрлым күрделі болғанын айтады. Алғаш жұмысқа орналасқан жылдары мектепте жылы су болмағандықтан, қыстың көзі қырауда сырттан су тасып, еденді мұздай сумен жууға тура келген. Тіпті суықтан қолғаптары мұз болып қатып қалатын кездер де артта қалып, бүгінде зәулім әрі заманауи мектепте барлық жағдай жасалғандықтан, жұмыстары едәуір жеңілдеген. Дегенмен Тазагүл сөз арасында қазіргі балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге де тоқталып өтті. Кейде үлкенді сыйламайтын, тазалықшының еңбегін бағаламай, қоқысты көрінеу тастап, «бұл сенің жұмысың» деп шүйіріле қарайтын оқушылардың кездесетіні қынжылтады. Осындай сәттерде ғұлама әл-Фарабидің «тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі еріксіз ойға оралады. Кейіпкеріміз бұрынғы уақытта мектеп қабырғасында сынып тазалау, сенбіліктерге қатысу, ауыл шаруашылығы науқандарына жәрдемдесу секілді игі дәстүрлердің балаларды еңбекке баулуда үлкен тәрбиелік мәні болғанын, ал қазіргі уақытта оқушылардың еңбектен қол үзіп қалғанын айтып, өткен күндерді мақтанышпен еске алады.

Мектеп директорының орынбасары Индира Қыдыржанқызы да Тазагүлдің ұжым арасындағы беделі жоғары екенін, жас мамандарға үнемі қамқорлық танытатынын атап өтті. Ол Тазагүл Таңжарбайқызының өз ісіне өте адал екенін, 12 жыл бойы білім ошағының тазалығы мен берекесі үшін аянбай тер төгіп келе жатқанын алға тартты. Көптеген адамдар бұл қызметтің ауырлығына шыдамай кетіп жатқанда, Тазагүлдің табандылығы мен адалдығы бүкіл ұжым үшін үлкен құрметке лайық.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: еңбек адамы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.