• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еңбек адамдары — ел тірегі: Гродиковолық ихтиологтың табиғат пен экономикаға қосқан үлесі орасан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөздерінде еңбек адамдарының елдің шынайы тірегі екенін үнемі алға тартып келеді.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
03.06.2026, 19:51
Абырой
Еңбек адамдары — ел тірегі: Гродиковолық ихтиологтың табиғат пен экономикаға қосқан үлесі орасан
29
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Президенттің «Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру — ортақ міндетіміз» деген тұжырымы жай ғана ұран емес, мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі. Бұл — күнделікті адал еңбегімен ел экономикасын нығайтып, туған өлкесін көркейтуге атсалысып жүрген жандарға деген шынайы құрметтің көрінісі. Осындай мақтаулы мамандардың арқасында еліміздің табиғи байлығы еселеніп, ішкі әлеуеті артып келеді.

Қазақстанның экологиялық және экономикалық дамуында балық шаруашылығының алар орны ерекше. Осы саланың өркендеуіне өмірлік күш-жігерін сарп етіп, су ресурстарын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген білікті мамандардың бірі — тәжірибелі ихтиолог Нұрлан Молдабек. Өңір жұртшылығы оны Жамбыл ауданы, Гродиково ауылының бас ихтиологы ретінде жақсы таниды. Ол ұзақ жылғы бай тәжірибесі мен терең кәсіби білімінің арқасында жас мамандар мен балық өсірушілерге бағыт-бағдар беріп, олардың нағыз тәлімгеріне айналды. Оның кәсіби кеңестері өндірістік күрделі мәселелерді шешіп қана қоймай, жергілікті су қоймаларының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға да зор септігін тигізіп келеді.

Нұрлан Молдабек 1962 жылы дүниеге келген. Бала шағынан балық шаруашылығына ерекше қызығып өскен ол, кейіннен осы саланы өзінің өмірлік кәсібі ретінде таңдады. 1980-жылдары Астрахан техникалық балық өнеркәсібі институтын тәмамдап, білімін ғылыми бағытта одан ары жетілдірді. Еңбек жолын сонау 1977 жылы бастаған кейіпкеріміз жарты ғасырға жуық уақытын осы салаға арнап келеді. 1987 жылы Мұйнақ тоған шаруашылығына балық өсіруші болып орналасып, небәрі екі жылдан соң осы кәсіпорынның директоры лауазымына тағайындалады. Өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен ісіне деген адалдығының арқасында ол мекеменің жұмыс тиімділігін айтарлықтай жоғарылатты.

2013 жылдан бері Нұрлан Молдабек Жамбыл ауданының Гродиково ауылдық округінде орналасқан «Сандель» шаруа қожалығында ихтиолог болып жемісті еңбек етіп келеді. Кейіпкеріміздің бұл салаға келуі кездейсоқтық емес, оның тамыры тереңде жатыр. Кезінде Арал теңізі мен Қарақалпақстанның Мұйнақ ауданында балық шаруашылығында тер төккен атасы Молдабек Алдабергенов пен әкесі Сәбит Молдабектің салған сара жолы, ата кәсібі бүгінде Нұрланға мұра болып қалған.

Қазіргі таңда «Сандель» шаруашылығының негізгі бағыты — балық шабақтарын өсіру. Мекеме жыл сайын екі миллионға жуық шабақ өндірсе, алдағы жылдары бұл көрсеткішті төрт миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. Көбейту және өсіру процестері Талас өзенінің таза суын пайдалана отырып, барлық экологиялық талаптарға сай жүргізіледі. Су қоймасындағы табиғи тепе-теңдікті сақтау мақсатында мұнда балықтың бірнеше түрі, атап айтқанда, сазан (карп), ақ амур және ақ дөңмаңдай өсіріледі. Бұл балықтардың әрқайсысының өзіндік табиғи міндеті бар: сазан су түбін қалдықтардан тазартса, биомелиорант саналатын ақ амур су өсімдіктерімен қоректеніп, тоғанның шөп басып кетпеуін қадағалайды, ал дөңмаңдай фитопланктондарды азық етіп, судың сапасын жақсартады.

Тоғандағы экологиялық тепе-теңдік осы тізбектің бұзылмауына тікелей байланысты: су өсімдіктері ортаны байытса, фитопланктондар күн сәулесі арқылы ірі балықтардың негізгі азығы саналатын ұсақ ағзалар үшін оттегі бөледі. Осы жүйенің сәл ғана бұзылуы бүкіл су қоймасының тіршілігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Соңдықтан қоректену тізбегінің әрбір деңгейін сақтау — тиімді балық өсірудің басты кепілі. «Сандель» шаруашылығында бапталған шабақтар мен дайын балық өнімдері Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтіледі. Атап айтқанда, Ақмола облысының Есіл ауданы, Астана, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстарына, сондай-ақ Балқаш көлі мен Шардара су қоймасына жеткізіліп, еліміздегі су айдындарының биологиялық әлеуетін арттыруға және экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге зор үлес қосуда.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығын дамыту мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен табиғи байлықты еселеу тұрғысынан ерекше маңызға ие болып отыр. Нұрлан Молдабек үшін ең басты қағида — экологиялық стандарттарды қатаң сақтап, судың сапасы мен балықтың өсу ортасын жіті бақылауда ұстау.

Өз ісінің хас шебері алдағы жоспарлары мен жастарға айтар ақылын былай деп түйіндеді: «Балық өсіру — бұл жай ғана бизнес емес, бұл қоршаған ортаны қорғауға қосылатын үлкен үлес. Біз халықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз ете отырып, бұл саланың болашағы зор екеніне сенеміз. Дәл осы балық шаруашылығы ел экономикасын өркендетуде ерекше рөл атқара алады. Бірақ бұл кәсіп үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті және табиғатқа деген шексіз махаббатты талап етеді. Жастарға айтарым — оқыңыздар, еңбек етіңіздер және алға ұмтылудан қорықпаңыздар. Егер өз ісіңізді шын жүрекпен сүйсеңіз, ешқандай қиындық кедергі бола алмайды. Ықылас пен еңбек бар жерде міндетті түрде табыс пен құрмет болады».

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.