• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Білім бәйгесінің дарабозы: жамбылдық Нұрқанат Бақытжанұлы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Жамбыл облысының білім саласы тағы бір айтулы жеңіспен толықты.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
15.05.2026, 19:08
Абырой, Облыс жаңалықтары
Білім бәйгесінің дарабозы: жамбылдық Нұрқанат Бақытжанұлы ҰБТ-дан 140 балл жинады
379
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрқанат Бақытжанұлы Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүмкін болған ең жоғары 140 балды жинап, өңір мерейін үстем етті.

«Алтын белгі» медаліне үміткер жас өрен осы уақытқа дейін тарих пәнінен төрт дүркін республикалық олимпиада жеңімпазы атанып, 2023-2025 жылдар аралығында «Қазақстан Білім Олимпиадасында» Қазақстан тарихы пәнінен үш жыл қатарынан І орынды ешкімге бермей, өзінің көптен дара екенін дәлелдеген болатын.

Нұрқанаттың білім көкжиегі тек ел ішімен шектелмей, халықаралық аренада да жарқырай түсті. Ол 2023 жылы Баку қаласында өткен Түркі мемлекеттерінің Ортақ Дүниесі тарих олимпиадасында қола жүлде иеленіп, бүгінде Дүниежүзі тарихы пәнінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының белді мүшесіне айналды. Сонымен қатар, халықаралық IELTS тестінен 7.5 балдық жоғары көрсеткіш жинап, түрік тілін B1 деңгейінде меңгеруі оның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Осы интеллектуалдық әлеуеті оған «ХХІ ғасыр көшбасшысы – 2026» және «Ой шебері» сынды беделді зияткерлік сайыстарда топ жаруға мүмкіндік берді.

Бойындағы білімін өнермен ұштастырған Нұрқанат — ақындық пен шешендік өнердің де хас шебері. Ол облыстық және республикалық деңгейдегі Мұқағали Мақатаев, Мәшһүр-Жүсіп, Махамбет Өтемісұлы және Бауыржан Момышұлы оқуларының бірнеше дүркін Бас жүлде иегері. Шығармашыл жастар арасындағы «Ақберен» мен «Жарқын болашақ» байқауларында «Сөз шебері» атанып, аймақ намысын абыроймен қорғап келеді. Оның бұл қоғамдық белсенділігі мен көшбасшылық қабілеті лицей өмірінде де көрініс тауып, 2024-2025 оқу жылдарында лицей парламентінің Премьер-министрі қызметін атқарды.

Нұрқанат облыстың білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл облысының әкімдері Н. Нұржігітов пен Е. Қарашөкеевтің, сондай-ақ облыстық білім басқармасы басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Осындай жоғарғы көрсеткіші үшін жерлесімізге «JUZ40» білім беру орталығы ерекше таңдау ұсынып отыр. Енді Нұрқанаттың алдында көптеген талапкердің түсіне де кірмейтін мүмкіндік тұр: ол бизнес-кластағы пәтерді, Mercedes E-Class автокөлігін немесе 50 миллион теңге ақшалай сыйлықты таңдау құқығына ие болды.

Болашақта дипломатия саласын таңдап, қазақ елінің абыройын арқалап, елді әлемге танытуды мақсат еткен жас дарынның бүгінгі 140 балдық жетістігі — барша Жамбыл жастары үшін үлкен мақтаныш әрі жігер берер өнегелі жол. Біз білім мен өнерді қатар теңгерген Нұрқанаттың алдағы асқар белдерді де бағындыратынына кәміл сенеміз.

Тегтер: 140 баллБИЛНұрқанат БақытжанұлыҰБТ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.