• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты

Олжас Бектенов Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.07.2025, 18:51
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты
54
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Онда құқықтық жүйенің негізгі бағыттарына цифрлық шешімдерді енгізу қарқынын пысықтау, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.

Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу барлық саланың даму тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы күні кеше іске қосқан суперкомпьютер еліміздегі цифрлық дамудың жаңа парағын ашып отыр. Бұл —  Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, сондай-ақ, аймақтағы ең қуатты есептеп шығару құрылғысы. Оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Сондықтан барлық ведомстволар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланың цифрлық трансформациясы және жаңа сервистерді енгізу туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, «E-нотариат» жүйесінде 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап «Тараптардың жеке кабинеті» пайда болды. Функция борышкерге атқарушы жазбаға онлайн режимде келісім немесе қарсылық білдіруге мүмкіндік береді. Биометриялық сәйкестендіру және аумақтылықтың сақталуын бақылау қамтамасыз етіледі. 

Осы сервисті енгізудің арқасында 450 мыңнан астам азамат хабарлама алды, оның ішінде 43 мыңнан астамы қарсылық білдіру мүмкіндігін пайдаланды. Нәтижесінде осы бағыт бойынша шағымдар саны 20%-ға қысқарды.

Атқарушылық іс жүргізу саласында «Цифрлық ассистент» көмекшісі енгізілді. Жүйе қаулыларды бақылауға және қарызды онлайн төлеуге мүмкіндік береді, жеке сот орындаушылары (ЖСО) үшін орындау мерзімі туралы еске салу функциясы енгізілді. Сонымен бірге ЖСО-лар арасында атқарушылық құжаттарды автоматты түрде бөлу тетігі іске қосылды, бұл заңсыз уағдаластықтар мүмкіндігін болдырмайды және әкімшілік жүктемені азайтады.

Ерлан Сәрсембаев сондай-ақ «Е-Сараптама» жүйесінде тірі адамдарды куәландыру бойынша пилоттық модуль іске қосылғанын хабарлады. Мұндай цифрлық шешім ұйғарым беруді және тексеру шаблондарын пайдалануды автоматтандыру есебінен сот сараптамаларының сапасын арттыруға бағытталған. 

Сонымен қатар бұл модульдің адами факторды азайту және ашықтықты арттыру мақсатында жасанды интеллект функцияларын пайдаланатын жаңа нұсқасы әзірленуде.

Халыққа құқықтық көмек көрсету шеңберінде осы жылдың мамыр айынан бастап «Әділет» және «Е-Заң көмегі» жүйелерінде жасанды интеллект базасында «Цифрлық консультант» іске қосылғаны атап өтілді. Сервис азаматтарға типтік үлгідегі құқықтық сұрақтар бойынша автоматты түрде ақыл-кеңес береді, осылайша мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады.

Сондай-ақ құқықтық нормалар шығармашылығы саласында да цифрлық шешімдер әзірленуде. Министрлік авторлық құқықтарды ұжымдық негізде басқару үшін зияткерлік меншік бойынша Бірыңғай цифрлық платформа құру туралы заң жобасына бастамашылық жасады. Сервистің тұсаукесері 2026 жылға жоспарланған.

Премьер-министр әділет органдарының еліміздің құқық жүйесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Құқықтық рәсімдердің ашықтығын, қолжетімділігі мен жеделдігін арттыратын заманауи құралдарсыз тиімді құқық қолдану практикасын жүзеге асыру мүмкін еместігі атап өтілді. 

Бұл салада цифрлық шешімдерді енгізу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ерекше маңызға ие.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: әділет министрлігіЖасанды интеллекетҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектеновсуперкомпьютер
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.