• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты

turan_admin turan_admin
01.11.2022, 09:45
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты
111
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ыстамбұлда өтіп жатқан «Пандемиядан кейін жаһандық денсаулық сақтауды нығайту» тақырыбында Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресінің ашылуына қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Түркия Республикасының Президентіне, Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығына және Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне Конгресс жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді және түрік халқын басты ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтады.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымының алаңында денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Саммитінде қабылданған «Түркі көзқарасы 2040» бағдарламасы денсаулық сақтау мәселелерін қамтиды және денсаулықты сақтау біздің елдеріміз үшін басты басымдықтардың бірі екенін тағы бір мәрте көрсетеді», — деп атап өтті А.Ғиният өз сөзінде.

Жаһандық коронавирустық індеттің қоғамның барлық салаларына әсерін еске сала отырып, ол денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. «Біз пандемия кезінде көрсеткен серіктестеріміздің  қолдауын бағалаймыз және Түркияға көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтамыз», — деп атап өтті Қазақстанның денсаулық сақтау министрі.

Қазақстан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы бірдей қамту және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша мақсатты саясатты жүргізіп жатыр, бұл ТМҰ мүше мемлекеттерінің жүргізіп жатқан саясатына сәйкес келеді, деп атап өтті А.Ғиният. Ол «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберіндегі денсаулық сақтауды дамытудың төрт бағыты туралы айтып, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттердің маңыздылығын атап өтті.

Министрдің айтуынша, әрі қарай даму үшін субөңірлік ынтымақтастық векторы Түркі мемлекеттері ұйымы аясында да маңызды рөл атқарады.

«Біздің елдеріміздің тарихи дамуы, денсаулық деңгейі мен денсаулық сақтау жүйесі ұқсас. Жұмыс топтары мен бастамаларға бірігу бізге ортақ мәселелерді шешуге және бірлескен мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Бұл конгресс жаһандық деңгейде денсаулық сақтауды нығайтуда маңызды рөл атқарады, мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты кеңейтеді», — деп түйіндеді Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Конгрестің басты оқиғаларының бірі Режеп Тайып Ердоған мырзаның өзі өткізген қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлеріне «Медицина тарихына бейілділік» және «Ортақ тарих» марапаттарын тапсыру рәсімі болды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына Түркия Президентінің қолынан COVID-19 індетімен күреске қосқан үлесі үшін еліміздің медициналық ғылыми қоғамдастығы мен медицина қызметкерлеріне арналған естелік мүсінше табысталды.

Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресі аясында министр Ажар Ғиният қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен, фармацевтикалық компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізуде.

Денсаулық сақтау министрлері форумының қорытынды құжаты ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының 8-ші Түрік Дүниежүзілік Түркі медициналық Конгресінің бірлескен декларациясына қол қоюы күтілуде, ол денсаулық сақтау саласындағы ТМҰ мүмкіндіктерін кеңейтуге, эпидемияға қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуды қоса алғанда, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі стратегияларды жандандыруға арналған.

Түркі кеңесі көшбасшыларының саммиті 2020 жылдың сәуір айында пандемияға байланысты арнайы күн тәртібімен өтті. Саммит мүше елдердің денсаулық сақтаудың барлық салаларындағы, әсіресе пандемиямен күрестегі ынтымақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. «Денсаулық сақтау министрлерінің үйлестіру комитеті», «Денсаулық сақтау ғылымы кеңесі» және «Жеткізу тізбегі тобы» саммиттен кейін бірден өткізілген денсаулық сақтау министрлерінің отырысында мүше елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық күш-жігерін жандандыру үшін құрылды.

Мүше мемлекеттердің және бақылаушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері ғалымдарының қатысуымен 2020 және 2021 жылдардағы күн тәртібінің әртүрлі тақырыптары бар Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми кеңестердің сегіз отырысы және Сатып алу топтарының екі отырысы өтті.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бері Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын қазан айында «Түркі медицина әлемінің конгресі» шарасын өткізіп келеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.