• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ағайынды Ибрагимовтер әскер қатарында

Әскери қолбасшылық қызмет барысында отбасылық байланыстарды сақтауға көмектеседі

turan_admin turan_admin
15.01.2026, 19:09
Абырой
Ағайынды Ибрагимовтер әскер қатарында
50
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әскер өз қатарына туған ағайынды бауырларды шақырып қана қоймай, оларды шын мәнінде біріктіре алды. Жамбыл облысы Шу ауданынан шыққан, күзде әскерге шақырылған құрдас ағайынды Исмаил мен Надыр Ибрагимовтар Тараз гарнизонының әртүрлі әскери бөлімдерінде қызметін бастаған еді. Алайда командирлердің ұқыптылығы мен жанашырлығының арқасында олардың тарихы бір казармада бақытты жалғасын тапты. Бауырлар бір әскери бөлімге біріктіріліп, мерзімді әскери қызмет аяқталғанға дейін бірге қызмет ететін болды.

Екі бауырдың үлкені, жиырма жастағы Исмаил Ибрагимов мектептен кейін Қарағанды облысына жұмысқа кеткен. Ал кіші інісі Надыр мектепті тәмамдаған соң анасы мен әжесінің қасында, туған ауылында қалды. Шақырту қағазы келген бойда ол жергілікті әскери комиссариатқа барып, шақыру комиссиясынан өте бастады.

Осы уақытта Исмаил да әскерге шақырылғаны туралы SMS-хабарлама алды. Алайда оған Қарағандыдан Шу ауданына жету қажет болды. Ол алғашқы пойызбен Жамбыл облысына оралды, бірақ бұл кезде Надыр әскер қатарына аттанып кеткен еді.

Исмаил көп ұзамай өзі де Тараз қаласына, бірақ басқа әскери бөлімге жіберілетінін ол кезде білмеген. Ол байланыс полкінде қызмет етсе, Надыр 5-механикаландырылған бригадаға түсті. Ағайындылар бір қалада қызмет етіп жүргендеріне де қуанды, одан артықты армандамады.

Психологтар мен офицерлер өткізген жеке әңгімелер барысында туған бауырлардың көршілес бөлімдерде қызмет етіп жүргені анықталды. Осыдан кейін қолбасшылық оларды бір бөлімге біріктіру туралы шешім қабылдады. Кімнің қайда ауысатынын бауырлардың өздері таңдады. Нәтижесінде кіші бауыр Надыр ағаcы Исмаил қызмет ететін байланыс полкіне ауыстырылды.

Ауыс-түйіс Жаңа жылға дейін жүзеге асып, мерекені бауырлар бірге қарсы алды. Командирлердің айтуынша, мұндай шешім баршаға тиімді: сарбаздарға психологиялық тұрғыдан жеңіл, олар бір-біріне тірек болады, ең бастысы – ата-ананың көңілі тыныш. Ал офицерлер мен сержанттар үшін бұл жауынгерлердің моральдық тұрақтылығына қосымша сенім.

Бұл шешімге ең қатты қуанғандар – Шу ауданындағы сарбаздардың анасы мен әжесі. «Олар бір казармадан бірге видеобайланысқа шыққанда, жүрегіміз қуаныштан тоқтап қала жаздады, – дейді Джамиля мен Гильшат Бадыровалар. – Енді жанымыз тыныш, көңіліміз жайлы. Осындай адамгершілік танытқан әскер басшылығына алғысымыз шексіз».

Исмаил мен Надыр Ибрагимовтардың қайта қауышуы – жай ғана сәттілік емес. Бұл – командирлердің сарбаздарға, олардың жан дүниесіне деген мұқият әрі адамгершілік көзқарасының нәтижесі. Ағайынды бауырлардың тарихы әскердің жарғы қаталдығын адамға деген қамқорлықпен ұштастыра отырып, елдің қорғаныс қабілетімен қатар отбасылық құндылықтарды да нығайтатынының айқын дәлелі.

ҚР ҚМ Медиаорталығы Тараз гарнизонының баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.