• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 11:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Берешекті реттеу туралы нені білу маңызды?

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
22.10.2026, 14:16
Қазақстан жаңалықтары
Берешекті реттеу туралы нені білу маңызды?
39
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салады: қаржылық қиындықтар туындаған кезде қарыз алушы заңнамада көзделген берешекті реттеу тетіктерін пайдалана алады.

Бүгінгі күні қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимылының бірыңғай тәртібі қолданылады. Сонымен қатар, 2026 жылғы  1 шілдеден бастап азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша бір мезгілде бірнеше кредитор алдындағы берешекті реттеуге мүмкіндік беретін inkelisim.kz бірыңғай цифрлық платформасы жұмыс істейді.

 Төлем мерзімі өткен кезде не істеу керек?

Егер қарыз алушы қаржылық қиындықтарға тап болса, бірінші кезекте кредиторға – банкке, МҚҰ-ға немесе коллекторлық агенттікке міндеттемелерді орындау шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіну қажет.

Өтінішке қаржылық жағдайдың нашарлауын немесе кешіктірудің себептерін растайтын құжаттар қоса берілуі керек. Бұл жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату не жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, оның ішінде жақын туыстарының немесе жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын анықтама, жақын туыстарының немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама, жазатайым оқиға немесе үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері салдарынан материалдық шығынның келтірілгенін растайтын құжаттар, мүгедектік туралы анықтама, сот актілері және қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын басқа да құжаттар болуы мүмкін.

Кредитор жолданымды қарайды және күнтізбелік 15 күн ішінде шешім қабылдайды.

Егер кредитор бас тартса немесе ұсынылған шарттарға көңілі толмаса.

Егер қарыз алушы кредитордың шешімімен келіспесе, ол банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгінуге құқылы.

Банктік қарыз бойынша өтініш bank-ombudsman.kz сайты арқылы беріледі. МҚҰ-ға қарыздар бойынша өтініш mfombudsman.kz сайты арқылы беріледі.

Банк және микроқаржы омбудсмандарының қызметтері тегін. Олардың шешімдерін банктер мен МҚҰ орындауға міндетті.

Маңызды: омбудсманға кредиторға ресми түрде жүгініп, оның жауабын алғаннан кейін ғана жүгінуге болады.

Қарыз алушыға ақылы «делдалдар» қызметін пайдалануы талап етілмейді –  кредиторға және омбудсманға өз бетінше жүгінуге болады.

Бірнеше кредитор алдындағы берешекті реттеу

Бір мезгілде бірнеше кредитор алдында мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін Агенттік Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп Тұтынушылық кепілсіз кредиттер бойынша берешекті реттеуге арналған Finkelisim.kzбірыңғай цифрлық платформасын әзірледі. Платформа 2026 жылғы 1 шілдеден бастап банк және микроқаржы омбудсмандарының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша және медиация тәртібімен жұмыс істейді.

Қарыз алушыға әрбір кредиторға жеке жүгінудің қажеті жоқ. Платформада бір өтініш беру жеткілікті, одан кейін ақпарат қарыз алушының міндеттемелері бар барлық кредиторларға жіберіледі.

Қарыз алушының ұжымдық реттеу рәсіміне қатысуы тегін болып табылады. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін медиатордың көрсететін қызметтеріне арналған шығыстар банктік және микроқаржы омбудсмандары есебінен өтеледі.

Платформаны кім пайдалана алады?

Қарыз алушы бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін өтініш бере алады:

— екі және одан да көп кредитор алдында 90 және одан да көп күнтізбелік күн мерзімі өткен берешегі бар;

— жиынтық берешек 150 АЕК-тен 1 600 АЕК-ке дейін құрайды;

— берешек бойынша өндіріп алу туралы сот актілері, нотариустың атқарушылық жазбалары және өзге де мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары жоқ.

Бұл ретте ұжымдық реттеу ипотекалық қарыздар бойынша берешекке, автокредиттерге, банктік қарыздарға және кәсіпкерлік қызметпен байланысты микрокредиттерге, алаяқтық жолымен ресімделген кредиттерге, мерзімді әскери қызметті өткеруге байланысты төлемдерді кейінге қалдыруға берілген кредиттер, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім қолданылып жүрген кредиттерге, төлем қабілеттілігін, соттан тыс немесе соттың банкроттығын қалпына келтіру рәсімдері қолданылатын берешектерге қолданылмайды.

Берешекті өтеу мүмкін болмаған жағдайда не істеу керек?

Егер қарыз алушының өз міндеттемелерін орындауға объективті түрде мүмкіндігі болмаса, ол заңнамада белгіленген шарттарға сәйкес келген жағдайда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мәселесін қарастыра алады.

Банкроттық заңда көзделген тәртіппен борыш міндеттемелерін тоқтатуға мүмкіндік береді, алайда жүгінбес бұрын оның салдарын бағалап алу қажет.

Атап айтқанда, рәсім аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде азамат жаңа кредиттер мен микрокредиттер ала алмайды, 3 жыл бойы оның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі, ал қайта банкроттыққа өтініш беру тек 7 жылдан кейін ғана мүмкін болады.

Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығына өтініш берудің егжей-тегжейлі тәртібі электрондық үкімет порталында орналастырылған:

Маңызды: Қаржылық қиындықтар туындаған кезде қарыз алушы үшін мерзімін өткізіп алуды елеусіз қалдырмай, кредиторға уақтылы жүгіну маңызды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

23.11.2026, 17:15
Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Орынбасар: білім беру, жастарды қолдау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру

24.11.2026, 10:22

Мереке Айнақұлов ауыл кітапханаларын жаңғырту және жастарды қолдау мәселелерін көтерді

24.11.2026, 10:09

Қайрат Байсариев: Мәдениет, ұлттық құндылықтар және қоғамдық бірлік

24.11.2026, 09:31

Тегін спорт алаңдары мен қоқысты уақтылы шығару Абдыкалыковтың бағдарламасына енді

24.11.2026, 09:29

Тельжан Абдыкалыков тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға қолдау көрсету мәселесін көтермек

24.11.2026, 09:28

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.