• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Саптағы бауырлар: бір әскери бөлімде үш ағайынды қызмет етеді

Гвардейск гарнизонында әскери қызметін жаңа бастап жатқан жас сарбаздардың арасында бірден көзге түсетін үшеу – Жирновтар отбасының ағайындылары.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
02.05.2026, 16:34
Қазақстан жаңалықтары
Саптағы бауырлар: бір әскери бөлімде үш ағайынды қызмет етеді
38
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлаған.

Алексей және оның егіз інілері Владимир мен Геннадий Солтүстік Қазақстан облысындағы Тоқыш атты шағын ауылдан келген. Кеше ғана олар үйде, үлкен отбасының ортасында болса, бүгін әскер тәртібіне үйреніп, қатаң режимге, сапқа тұруға және жаңа өмір ырғағына бейімделіп жүр.

Жігіттер мұнда бар болғаны бір ай ғана болса да, өмірдің өзгергенін сезініп үлгерді. Таңертең ерте тұру, жаттығулар, бұйрықтар – бәрі алғашында қиын әрі тосын көрінді. Дегенмен жанында жақын бауырлары бар. Жалғыз адамға қиын болар, бәлкім, алайда үшеуіне бірге жеңіл. Олар бала кезінен бірге жүріп, бір-біріне сүйеніп өскен – ал әскерде бірге қызмет ету олардың басты тірегіне айналды.

Әскерге бару туралы шешім де ортақ, отбасында айтылды. Алдымен егіздерге шақырту келді. Бірден борышымызды өтейік десті. Алексей де оларды қолдады. Ол сөзбен емес – бірге әскерде қызмет етуді таңдады. Осылайша үш ағайынды бір бөлімге, бір сапқа, бір мақсатпен, яғни Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге келді.

Әрқайсысының өз ойы, өз мақсаты бар. Алексей білімге ұмтылады – бос уақытында «Волоколамск тас жолы» кітабын оқып, ой түйіп, алдына мақсат қояды. Ол үшін маңыздысы – тек қызметті өтеп шығу емес, одан күш-қуат та, рухани да күшейіп шығу. Владимир мен Геннадий техникаға жақын. Әскерге дейін олар КамАЗ бен трактор жүргізген, енді механик-жүргізуші болуды армандайды. Алдағы өмірде қажет болатын әскери машық пен тәжірибе алғысы келеді.

Үй іші оларды күтіп отырғанын біледі. Жирновтар отбасында алты бала бар. Ал олардың үшеуі дәл қазір әскерде борышын өтеп жүр. Анасы Ирина Жирноваға да үш ұлын бір уақытта әскерге шығарып салу оңай болмады. Уайым, қобалжу, ұйқысыз түндер… Дегенмен түсіністік пен қолдау да бар. Себебі олардың жалғыз емес екенін, бірге екенін біледі. Жолға шығарып салып тұрып, бір-біріңді қолдап, қорғап, көмектесіп жүріңдер, үйде сендерді жақсы көріп, күтіп отырғанын ұмытпаңдар деді.

Осы қарапайым сөздердің өзінде отбасының ынтымағы жатыр. Алты баланы тәрбиелеген сол шаңырақта олардың бойына сіңген құндылықтар – құрмет, жауапкершілік, парыз сезімі – үш бауырды бір сапқа алып келді.

Қазір олар қатар жүріп келе жатыр. Бұл тек қызмет емес, одан да терең ұғым. Бұл – үйде басталған тәрбиенің жалғасы. Бұл – шекарадан аспайтын бауырластық. Бірге жасалған таңдау және бірге өтіп жатқан өмір жолы.

Тегтер: ағайындыларәскери қызметгарнизон
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.