• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Даму қоры Өрлеу бағдарламасымен цифрлық теңгедегі алғашқы несиені берді

Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді

03.12.2025
0
Даму қоры  Өрлеу бағдарламасымен цифрлық теңгедегі алғашқы несиені берді
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорнын салу, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды (мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жою) көздейді.

Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдады.

Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары:

Онлайн рәсімдеу;

Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі;

Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады;

Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды;

ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.

«Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жариялылығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгені пайдаланудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Оның негізгі артықшылықтарының бірі – бөлінген қаржының орнымен пайдалануын бақылау айтарлықтай жеңілдеп, жақсаруына мүмкіндік беретін цифрлық құралдардың таңбалануы. Бұл келісім озық қаржылық технологияларды енгізудегі маңызды қадам саналады. Серіктестік аясында кәсіпкерлер несиені цифрлық теңгемен алады. Соның арқасында процесс тезірек, ашық және тиімді болмақ. Біз бизнеспен жұмыс істеуде цифрлық теңгенің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз»,

 — деп атап өтті «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Арсен Мұстафин.

Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6%-бен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар.

Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді. 

Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы.  

«Даму» Қоры мен Halyk Bank командалары жүзегеасырған цифрлық теңгені пайдалану сценарийі мұндай ақшаның кәсіпкерлер үшін ыңғайлы етіп, операциялық тәуекелдерді барынша азайтып және қолдау бағдарламаларының толық жариялылығынқамтамасыз етіп мемлекеттік қаржы архитектурасын қалай өзгерте алатынының көрсеткіші болып отыр. Мұндай шешімдер мемлекет, банктер және бизнес арасындағы сенімнің жаңа стандартын жасайды. Біз мұндай механизмдер жылдам масштабталады депүміттенеміз. Естеріңізге сала кетейін, Президенттің тапсырмасы бойынша цифрлық теңге мемлекеттік шығындар мен субсидиялардың барлық түрлеріне кезең-кезеңімен енгізіліп, елдің неғұрлым тиімді, технологиялық және орнықты қаржы жүйесінің негізін қалыптастыруы тиіс»,

 — деді цифрлық трансформация басшысы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.

Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе www.damu.kz. сайты арқылы алуға да болады.

Тегтер: Экономика министрлігі

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты