• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры ауысты

Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып тағайындалды

Turan Redaktor Turan Redaktor
04.11.2025, 14:51
Қазақстан жаңалықтары
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры ауысты
33
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШҒЗИ) бас директоры болып тағайындалды. Нұржан Нұржігітов жаңа басшыны ҚазСШҒЗИ ұжымына таныстырып, бұрынғы бас директордың саладағы еңбегін атап өтті. Министр бүгінге дейін ҚазСШҒЗИ-дің бас директоры қызметін атқарып келген Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлын «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Тәжірибелі маман институтта қызметін аға ғылыми қызметкер ретінде жалғастырады. Серік Саиров – құрлық гидрологиясы, гидрологиялық есептеулер және су ресурстарын бағалау саласындағы білікті маман. Ол 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құрлық гидрологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы құрлық гидрологиясы, су ресурстары және гидрохимия бағыты бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы ҚР ҰҒА География институтының гляциология зертханасында I санатты инженер болып бастаған. Әр жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде география кафедрасының оқытушысы, сондай-ақ «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры және бірінші директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК құрылымында еңбек етті. Онда ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры, Алматы қаласы бойынша филиал директоры, Гидрология департаментінің директоры, Ғылыми-зерттеу орталығының директоры және кәсіпорын бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Серік Саиров – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жанындағы тұрақты өкілінің гидрология жөніндегі кеңесшісі, Каспий теңізі бойынша гидрометеорология жөніндегі үйлестіру комитетінің қазақстандық өкілі, сондай-ақ Азия өңірлік қауымдастығының Орталық Азия субөңірі бойынша гидрология және су ресурстары мәселелері жөніндегі үйлестірушісі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның сарапшылар тобының мүшесі, «Гидрометеорология және экология» журналы бас редакторының орынбасары және «Қазгидромет» РМК Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы. Ол – су тақырыбы бойынша 20-дан астам ғылыми жазбаның, соның ішінде монографиялардың авторы және бірлескен авторы. 2016 жылы ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Тегтер: АУЫС ТҮЙІСТЕРҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіТағайындау
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.