Алдағы күндері ауа райына Баренц теңізі аумағынан ығысып келген циклон әсер етеді, сондықтан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғып, жел тұрады.
«Түнде ауа температурасы елдің батысында, солтүстік-батысында 0-8 градус аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 5-15 градус аязға дейін, шығысында 7-18 градус аязға дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 8 градус аязға дейін — 2 градус жылы болады», — деп жазылған ақпаратта.