• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Экономист халыққа қажет кеңестер ұсынды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған қосымша құн салығы мөлшерін (ҚҚС) көтеру ұсынысынан кейін елде қымбатшылық мәселесі қызу талқыда.

07.02.2025
0
Қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталған
958
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 «Бюджеттік дефициттің айқын көрінісі»

Экономист Ербосын Нұрмұхан Үкіметтің бұл шешімін «бюджеттік дефициттің айқын көрінісі» деп бағалады. Оның сөзінше, үкімет ҚҚС мөлшерін көтерсе де, елдің әлеуметтік жағдайын түсірмейтіндей ұтымды бағдарламалар ойлап табуы керек.

«Үкімет бюджеттік тапшылықты игеру үшін амалсыз салықты көтеріп отыр. Бұл — ең оңай әдіс. Үкіметтің кіріс көзі салықтың өзі. Әлеуметтік шығындар көбейіп кеткен соң, үкімет салықты көтеру деген шешімге амалсыз келіп отыр. Халықты дұрыс тіршілікке үйрету — үкіметтің міндеті. Салықты көбейтсе де әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізбейтін мемлекеттік бағдарламалар әзірлеп, қымбатшылықты жеңілдететін ұтымды әдістер ойлап табуға болады. Ал халық қымбатшылықты еңсеруіне тура келеді», — дейді сарапшы.

Қымбатшылықты қалай еңсереміз?

Сарапшы қымбатшылық алдында қара халық білуі тиіс бірнеше кеңестерін бөлісті.

Бюджетті оңтайландыру

  • кіріс пен шығысты талдау: соңғы 3-6 айдағы шығындарыңызды қарап, қай салада артық жұмсап жүргеніңізді анықтаңыз;
  • маңызды және маңызды емес шығындарды ажырату: міндетті төлемдер (азық-түлік, коммуналдық қызметтер, несие) мен қосымша шығындарды (кафе, киім, гаджеттер) бөлек есептеңіз;
  • шығындарды қысқарту: әсіресе брендтік тауарларға, қымбат демалысқа және импульсивті сатып алуларға шектеу қойыңыз.

Ақша жинау және инвестициялау

  • қауіпсіздік жастығын құру: жұмысыңыздан айырылған жағдайда немесе форс-мажор кезінде кемінде 3-6 айлық шығындарыңызды жабатын қор қалыптастырыңыз;
  • ақшаны инфляциядан қорғау: депозиттерді ұлттық және шетел валютасында жинап көріңіз, алтын немесе сенімді облигацияларға инвестиция жасаңыз;
  • жинақ шотын ашыңыз: әр жалақыдан 10-20%-ын арнайы жинақ шотына бөліп отырыңыз.

Азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды үнемдеу

  • жергілікті және маусымдық өнімдерді тұтыну: импорттық тауарлардың бағасы жоғары, ал жергілікті өнімдер инфляцияға азырақ ұшырайтынын ескеріңіз;
  • жаппай сатып алу: ұзақ сақталатын тауарларды (ұн, қант, май) жеңілдіктер кезінде көптеп сатып алу тиімді;
  • бағаны салыстыру: бір тауарды әртүрлі дүкендерден қарап, ең тиімді бағаны таңдаңыз.

«Тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар»

Ербосын Нұрмахан елімізде қымбатшылықтың жылдар бойы жалғасып келе жатқанын жасырмады. Оның сөзінше, бұл бір қорқатын, алаңдайтын кезең емес.

«Қазақстанда қымбатшылық әркез келе жатқан нәрсе ғой. Біз үнемі қымбатшылықта өмір сүріп келе жатқан елміз. Қазақта сөз бар ғой: «тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар, қоймай жесең не қалар?!» деген. Сол секілді, бізге тек үнемдеуді дұрыс үйрену керекпіз. Үнемдеп, табысымызды арттыра түссек, алдағы қымбатшылықты еңсеруге болады», — деп пікір білдірді ол.

Еске салайық, 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру қажеттігін айтты. Ал премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл өзгерістің елдегі қымбатшылыққа сөзсіз әсер ететінін ашық айтқан болатын.

Тегтер: БЮДЖЕТқосымша құн салығының (ҚҚС)қымбатшылық

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты