Оның айтуынша, тарифтердің өсуі «минималды» болады.
«Тарифтерде минималды өсу жүзеге асырылады. Біз бұл есептеулерді бұрыннан жасадық. Бұл болжамдар емес, бәрі талдауға негізделген. Біз тарифтердің қандай пайызға өсетінін білеміз және бұл ең аз өсім болатынына кепілдік береміз», — деді Арман Қасенов.
Вице-министр нақты цифрларды атаған жоқ. Бірақ бағалар әрбір табиғи монополия субъектісінде әртүрлі екенін алға тартты.
«Инфляциялық себет бірнеше жүздеген өнімді қамтиды. Әр элементтің әсері минималды. Сонымен қатар бізде шекті төбе бар: егер әсердің белгілі бір шектен асатынын көрсек, онда тарифтердің өсуін шектейміз», — деп атап өтті вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрлігіне және салалық мемлекеттік органдарға коммуналдық қызметтер мен тарифтердің негізсіз өсуін бақылауды тапсырған болатын.