• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 15:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды

7-10 қазан күндері Ашхабад қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.

turan_admin turan_admin
07.10.2024, 18:04
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды
32
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ашхабад тұрғындары мен қонақтары осы күндері қазақ кинематографиясымен, музыка өнері және ұлттық дәстүрлерімен терең таныса алады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қазақстан киносы күндерінің ашылуы режиссер А. Сатаевтың қазақ хандары туралы сыр шертетін «Ұлы дала таңы» атты тарихи туындысымен басталады. Сонымен қатар, түрікмен жұртшылығына «Паралимпиадашы» фильмі де жол тартады.

Түрікменстан мемлекеттік мәдени орталығының Мукамов сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің «Сарыарқа» атты гастрольдік концерті өтеді.

«Түрікменстан» киноконцерт залында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Saz&Soul: Шекарасыз әуендер» атты гастрольдік концерті ұйымдастырылады.

Негізгі іс-шара 9 қазан күні сағат 19:00-де Түрікменстан мемлекеттік мәдени орталығының Мукамов сарайында жоспарланған. Бұл күні Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдениет күндерінің жабылу салтанаты аясында қазақстандық өнер майталмандарының қатысуымен Гала-концерт өтеді. Аталған концертте Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлішер Кәрімов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: Расул Жармағамбетов, Абылай Тілепберген, Таңат Сәденов және басқалары өнер көрсетеді.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі 10 қазанда Ашхабад қаласындағы «Лачын» саябағында өтеді.

Аталған шараға жергілікті зиялы қауым, ғалымдар, жазушылар, дипломатиялық корпус, шығармашылық одақтар, қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түрікменстан Мәдениет министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы Түрікменстанның мәдениет күндері 2024 жылы маусым айында Астана қаласында өткен болатын.

Тегтер: Қазақстанмәдениет күндеріТүрікменстан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.