Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Дәнекер» бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген.
Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Іскерлік және жанашырлық» жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда.
Кездесуде Мемлекет басшысына мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берілді.
Ақорданың баспасөз қызметі