• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда республикалық тамыз конференциясы өтті

19.08.2022
0
Қазақстанда республикалық тамыз конференциясы өтті
726
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті. Конференцияға педагогтер, ата-аналар және білім беру саласындағы сарапшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері және білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.

Пленарлық отырыста мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие және балаларды оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беруді дамыту, білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету, балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын бақылау және арттыру мәселелері талқыланды.

Е. Тоғжанов өзінің құттықтау сөзінде пандемия кезіндегі мінсіз жұмысы үшін мұғалімдерге алғысын білдіріп, Мемлекет басшысының білім мен тәрбиені дамытуға ерекше мән бере отырып, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында  «Білім беру жүйесіне уәжді (дәлелді) және білікті педагогтер қажет» деп айтқанын еске салып өтті. Әрине, бұл бағытта мұғалімдер маңызды рөл атқарады.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңды табысты іске асыру педагогтің беделін арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде мұғалімдер өз еңбектері үшін лайықты жалақы алады. Нәтижесінде мектептің үздік түлектері мамандық таңдау кезінде педагогикалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беретінін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда мұғалім – әлемдегі ең құрметті және маңызды мамандықтардың бірі. Ең бастапқы білімді, біліктілікті, дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыратын да осы мұғалімдер», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Биылдан бастап мектептерде тәрбие үрдісінде мектеп пен ата-аналардың өзара жауапкершілігіне негізделген «оқушы — мектеп – ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізіледі.

Сондай-ақ 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізілетін болады. Сонымен қатар осы жылдан бастап алғаш рет мектептерде 7-сыныптан бастап оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін «педагог-кәсіби

бағдар беруші» пәні енгізіледі. Эксперименттік жоба ретінде мектептер жанынан жылыжайлар ашу қарастырылып жатыр.

Бүгінгі таңда елде балаларды еңбекке баулу үшін 100 колледж жанынан студенттерді жұмысқа тарту және қажетті тәжірибе жинау үшін шағын кәсіпорындар құрылуда. Колледждерге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша 500 кәсіпорынмен келісімдерге қол қойылды. 536 колледжде қос тарапты оқыту енгізілді.

Кеңес барысында Ералы Тоғжанов Оқу-ағарту министрлігіне тапсырма берді:

— оқу пәндері бойынша педагогтердің республикалық қауымдастығын құру;

— Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында үздік педагогикалық тәжірибелерді алмасу және тарату бойынша педагогтердің республикалық және облыстық конгрестерін ұйымдастыру.

— тәрбие жұмысын бірегейлеу мақсатында балабақшаларда, мектептер мен колледждерде Жаңа Қазақстанның жастарын қалыптастыруға бағытталған білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары алдағы оқу жылында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, өңірлердің әкімдіктеріне тапсырма берді:

— қысқа мерзімде апатты және үш ауысымды мектептерді жою;

— Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп, Адам және бала құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың аумақтық бөлімшелерін құруды жеделдету;

— лицензияланған ұйымдарды мектептерді күзетуге тарту бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

— Полиция департаменттерімен бірлесіп жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, бұл жұмысқа қолданыстағы полиция инспекторларын тарту.

  1. Конференция соңында Ералы Тоғжанов жаңа оқу жылында мұғалімдерге табыс тілеп, білім беру саласының үздік қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты