Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 19 шілде — Түрік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі кеңейту болашағын талқылады.
Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу мәселелеріне ерекше назар аударылды.