Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов қамауға алынды.
«Елордада республика ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов ұсталды. Тергеу оның Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстарын жасыруға қатыстысқаны бойынша тексеріп жатыр» делінген журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасындағы хабарламада.
Сонымен қатар, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжиловке қатысты да айтыла бастады.
ҰҚК Қазақстанның оңтүстік облыстары мен кейбір басқа облыстардағы облыстық департаменттерінің басшыларына топтық қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған. Оған қатысты сатқындық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен бұрынғы орынбасарлары – «Арыстан» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин да ұсталды.