Жамбыл облысында 24.08.2021ж. дейін тәулігіне – 6968 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 4266 адамға, 2 — айналымда 2702 адамға екпе жасалды. 24.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 350407 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 60,2%-ды құрайды, оның ішінде 18909 — медицина қызметкерлері (5,4%), 37784 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (10,8%), 19053 – күш құрылымының мамандары (5,4%), 7406 — мемлекеттік қызметкерлер (2,1%), 15093 — студенттер (4,3%), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 55136 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (15,7%) және 196455 — басқалары (56,1%).
Екпе алған 350407 адамның, 264632 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 48940 доза және 2 компонент 24515 доза; «QazVac» 1 айналымына 127 дозаның және 2-ші айналымына 3510; Синофарм VeroCell 1 тур — 16842 доза, 2 тур – 22000, «CoronaVac» — 1329 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1230 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.