• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында өзі қатысқан жол апатынан кейінгі жағдай туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді

turan_admin turan_admin
29.08.2026, 19:26
Денсаулық
Анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы қалай?

Фото: Pinterest

8
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ұрынғы мәжілісмен  Instagram парақшасында жол апатынан зардап шеккен азаматтың Құлан ауылындағы ауруханадан Тараз қалалық ауруханасына ауыстырылғанын хабарлады.

Бақытжан Базарбек науқасты тасымалдау сәтінен бейнежазба жариялап, 36 жастағы Нұржігіттің денсаулық жағдайында оң өзгерістер байқалғанын айтты.

Бұрынғы депутаттың сөзінше, 28 тамызда Нұржігіттің комада жатқанына 13 күн болған.

«Оның жағдайында бірқатар оң клиникалық өзгерістер бар. Олар туралы кейінірек айтып беремін», – деді ол.

Бейнежазбада Базарбектің жанында зардап шеккен азаматтың анасы да болған. Олар Құланнан Таразға науқасты дәрігер-реаниматологтың сүйемелдеуімен жеткізетін жедел жәрдем көлігін бірге күткен.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, тасымалдау сәтті өткен және науқастың жағдайы нашарламаған.

«Енді Нұржігітпен қаланың ең білікті реаниматологтары мен травматологтары айналысады», – деді бұрынғы мәжілісмен.

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Бақытжан Базарбек Құлан ауылындағы Орталық мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берген. Ол Нұржігіттің жағдайы ауыр болғандықтан, оның жанында болу үшін Құлан ауылына уақытша тіркелгенін айтты.

«Маған жағдайы ауыр Нұржігіттің жанында болу қажет болғандықтан, Құлан ауылына келдім. Нұржігіт есін жиғанға дейін осында боламын. Мен Алматының Бостандық ауданында тіркелгендіктен, дауыс беру үшін уақытша тіркеуге тұрып, тиісті есептен шығару талонын алдым» деп жазды бұрынғы депутат.

Енді Бақытжан Базарбектің Нұржігітпен бірге Таразда болуы мүмкін.

Еске салайық, 15 тамызда Жамбыл облысында 36 жастағы жаяу жүргіншінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде көлік тізгінінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Алдын ала нұсқа бойынша, бұған дейін тасжолда көлік сиырмен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кейін бір топ ер адам жолда жатқан малдың өлексесін алып тастауға әрекет жасаған. Солардың бірі кейіннен Rav-4 көлігінің астына түскен. Әлеуметтік желідегі мәліметтерде аталған көлікті Бақытжан Базарбек басқарғаны айтылған.

Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін Бақытжан Базарбек жол апатына өзі қатысқанын растады. Сонымен қатар ол қоғамды асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанын және оның жағдайы политравма мен жарақаттық шок салдарынан аса ауыр екенін хабарлаған.

Кейін Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге түскен бейнежазбасын да жариялады. Қазіргі уақытта Нұржігіт Тараз қаласына жеткізіліп, білікті дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығындағы оң өзгерістер дәрігерлер тарапынан әрі қарай бағаланатын болады.

Тегтер: Бақытжан БазарбекНұржігіт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

13.08.2026, 08:51
Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

05.02.2026, 11:37
«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

26.01.2026, 10:27
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ

Тұмау жағдайына байланысты онлайн оқытылатын мектептер қатары артты

19.11.2025, 19:47

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.