Жамбыл облысында 2026–2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бекітілді. Тиісті шешім Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №157 қаулысымен қабылданған.
Құжатқа сәйкес, бакалавриат деңгейінде кадрлар даярлауға 30 мемлекеттік білім беру орны қарастырылған.
Атап айтқанда, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша 15 орын бөлінді. М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде «Педагогика және психология» бағытына сәйкесінше 3 және 2 орын қарастырылған. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» бағытына 5 орын, ал Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» бағытына 5 орын берілген.
Мемлекеттік тапсырыстың тағы бір бөлігі жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Резидентура бойынша 48 орын қарастырылып, олардың басым бөлігі денсаулық сақтау саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға бөлінген.
Резидентурада акушерия және гинекология, анестезиология және реаниматология, балалар хирургиясы, жалпы хирургия, кардиология, неврология, неонатология, онкология, педиатрия, психиатрия, радиология және терапия сияқты бағыттар қамтылған.
Сонымен қатар, Қазақстан медициналық университеті «Жоғары қоғамдық денсаулық мектебіне» физикалық медицина және оңалту, кезек күттірмейтін медицина бағыттары бойынша 3 орын, ал Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына анестезиология және реаниматология, гастроэнтерология, пульмонология, ревматология және эндокринология бағыттары бойынша 7 орын бөлінген.
Осылайша, 2026–2027 оқу жылына бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавриат пен резидентура бойынша барлығы 78 орын қарастырылған.
2026-2027 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
|
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы |
2026-2027 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны) |
|
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
||||
|
1 |
6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету |
6В101 Денсаулық сақтау |
В086 Жалпы медицина |
15 |
|
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті |
||||
|
2 |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
В001 Педагогика және психология |
B001 Педагогика және психология |
3 |
|
Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті |
||||
|
3 |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
В001 Педагогика және психология |
B001 Педагогика және психология |
2 |
|
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
||||
|
4 |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6B021 Өнер |
B027 Театр өнері |
5 |
|
Тараз қаласындағы Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің (РХТУ) филиалы |
||||
|
5 |
6В11 Қызметтер |
6В112 Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау |
В202 Қоршаған ортаны инженерлік қорғау |
5 |
|
2026-2027 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы |
||||
|
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
||||
|
1 |
7R09 Денсаулық сақтау |
Акушерия және гинекология (оның ішінде балалар гинекологиясы) |
6 |
|
|
2 |
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
2 |
||
|
3 |
Анестезиология және реаниматология (балалар) |
1 |
||
|
4 |
Ангиохирургия (ересектер, балалар) |
2 |
||
|
5 |
Балалар хирургиясы |
1 |
||
|
6 |
Жалпы хирургия |
1 |
||
|
7 |
Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
8 |
Инфекциялық аурулар (балалар) |
1 |
||
|
9 |
Кардиология (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
10 |
Кардиология (балалар) |
1 |
||
|
11 |
Медициналық генетика |
1 |
||
|
12 |
Неврология (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
13 |
Неонатология |
2 |
||
|
14 |
Нефрология (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
15 |
Онкология (ересектер) |
2 |
||
|
16 |
Радиациялық онкология |
1 |
||
|
17 |
Химиотерапиялық онкология |
1 |
||
|
18 |
Патологиялық анатомия |
1 |
||
|
19 |
Педиатрия |
3 |
||
|
20 |
Психиатрия (ересектер, балалар) |
3 |
||
|
21 |
Радиология |
4 |
||
|
22 |
Терапия |
1 |
||
|
Қазақстан медициналық университеті «Жоғары қоғамдық денсаулық мектебі» |
||||
|
23 |
7R09 Денсаулық сақтау |
Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) |
1 |
|
|
24 |
Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар) |
2 |
||
|
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты |
||||
|
25 |
7R09 Денсаулық сақтау |
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
1 |
|
|
26 |
Гастроэнтерология (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
27 |
Пульмонология (ересектер, балалар) |
2 |
||
|
28 |
Ревматология (ересектер, балалар) |
1 |
||
|
29 |
Эндокринология (ересектер, балалар) |
2 |
||
|
Барлығы |
78 |
|||







