• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 16:20
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды

Таразда Шымкенттің екі басқарма басшысы мен кәсіпкерлерге сот үкімі шықты

turan_admin turan_admin
26.11.2026, 14:41
Заң, Облыс жаңалықтары
Тараз бен Шымкенттің шенеуніктері сотталды
180
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласының №2 соты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша бес адамға қатысты үкім шығарды. Сот шешімімен мемлекет пайдасына 188,7 миллион теңге өндіру көзделген, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 6 қарашада судья Б. Төребекұлының төрағалығымен қаралған қылмыстық іс бойынша Шымкент қаласының екі басқарма басшысы және тағы үш тұлға кінәлі деп танылды.

Кімдер қанша жылға сотталды?

Сот үкіміне сәйкес:

  • Арман Абдешов – Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы – 8 жылға;
  • Алмасбек Бобеев – 7 жыл 6 айға;
  • Нұрбол Жунусбеков – Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы – 7 жылға;
  • Нұрбол Нуртаев – «АТС ГРАД» ЖШС директоры – 8 жылға;
  • Қасиет Ташимбетов – «Archbuild Group» ЖШС директоры – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Абдешов, Бобеев және Жунусбеков мемлекеттік қызметте және заңда көрсетілген бірқатар ұйымдарда тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Ал, Нуртаев пен Ташимбетовке қала құрылысы, бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлау бағыттарындағы тиісті мемлекеттік сатып алуларға қатысуға бес жыл мерзімге тыйым салынды.

Бес сотталған да жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтейтін болады.

Нуртаев айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталды

Сот Нұрбол Нуртаевты Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Шымкент пен Алматы қалаларындағы пәтерлер мен автотұрақтарды сатып алуға қатысты айыптау бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты ақтады.

Алайда, ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 218-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Түпкілікті жаза ретінде 8 жылға бас бостандығынан айыру және қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған мүлкін тәркілеу белгіленді.

Тараз қаласы әкімдігінің 188,7 миллион теңгелік талабы қанағаттандырылды

Сот Тараз қаласы әкімдігінің мемлекет пайдасына материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талабын толық қанағаттандырды.

Үкімге сәйкес:

  • Алмасбек Бобеев пен Нұрбол Нуртаевтан ортақ тәртіппен 40 420 778 теңге;
  • Арман Абдешов пен Нұрбол Нуртаевтан ортақ тәртіппен 148 300 205 теңге өндірілуге тиіс.

Жалпы өндірілетін материалдық залал көлемі – 188 720 983 теңге.

126 миллион теңгеден астам қаражат арнайы сақтау ұяшығында қалады

Сот Нұрбол Нуртаевтың үйінен тінту барысында алынған 126 205 000 теңге мен 2 005 АҚШ долларын азаматтық талап толық орындалғанға дейін арнайы банктік сақтау ұяшығында қалдыру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ 2018 жылы шығарылған Lexus LX 570 автокөлігін мемлекет пайдасына тәркілеу белгіленді.

Нуртаевтың мүлкіне салынған тыйым материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап орындалғанға дейін сақталады.

Екі адам сот залында қамауға алынды

Бұған дейін үйқамақта болған Алмасбек Бобеев пен Қасиет Ташимбетовке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, олар сот залында қамауға алынды.

Қалған үш тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сақталды.

Үкімге наразы тараптар заңда белгіленген 15 тәулік ішінде Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Үкімнің заңды күшіне енген жоқ.

 

Тегтер: АбдешовБөбеевЖунусбековНуртаевтараз шымкентТашимбетов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азамат Күренкей Бас прокуратурада жаңа қызметке тағайындалды

26.11.2026, 16:09

Сейтбек Кокумбаев ауыл экономикасын дамыту мен инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылауды ұсынды

26.11.2026, 15:32

Айнагүл Абдраимова ауыл жастарының кәсіби білім алуына және жұмыспен қамтылуына басымдық берді

26.11.2026, 15:30

Сұлукүл Дәлібаева ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бастамаларын ұсынды

26.11.2026, 15:27

Қуаныш Заурбеков жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелерін бағдарламасына енгізді

26.11.2026, 15:23

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.