Дәрігер жұмыс орнында құрылғы көмегімен пацент жағдайын бақылай алатын жүйені ойлап тапқан — Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің оқытушысы Жусамбаев Мирлан мен Рыбалкин Максим және оқушылар Сыдықов Абылай, Әбдімәлік Әнел, Абдуллаев Бекжан. Аталмыш жоба өткен жылы басталған. Сол уақытта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оқушылардың ғылыми жобаларының нәтижелерімен танысып, денсаулық сақтау саласына қатыстысына жоғары баға беріп, оның авторларына бір миллион теңгелік сертификат табыс еткен
. Аталмыш жүйе медициналық персоналдың коронавирусты жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған, нақты уақыт режимінде қашықтықтан тексерулер жүргізуге, бірден жүзден астам пациенттің жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. 32 аппаратты қалалық көп бейінді ауруханасының инфекциялық құрылымына сыйға тартқан оқушыларға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев алғысын айтып, жоба нәтижесі бірқатар дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізетін, сондай-ақ науқастарға да ыңғайлы құрылғы екендігін айтты. Қалалық көп бейінді ауруханасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаетың бастамасымен берілген сыйға дәрігерлер ризашылықтарын білдірді.