• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі заман талабы

turan_admin turan_admin
30.06.2018, 18:57
Саясат
Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі заман талабы
1.8k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақ халқы «дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» дейді. Қазіргі таңда діннің қасиетінен гөрі, қасіретіне куә болып жүрміз. Оның басты себебі, қоғам арасындағы діни сауатсыздық болып табылады. Қай сала болмасын, ондағы мәселелердің шешімі тек сауаттылықта жатқандығы анық.
Кейінгі уақытта еліміздегі орын алып жатқан діни ұйымдар, ең әуелі өздерінің үгіт жұмыстарын діннен хабары жоқ, діни түсінігі төмен азаматтардан бастайтыны сөзсіз. Олар, діни шешендіктің ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың ой санасына теріс ықпалын тигізуде. Көп жағдайда идеологиялық ықпалға оп-оңай бой алдыртатын қоғамның ерекше тобы саналатын жастар, теріс пиғылды діни насихаттың қызметі үшін ыңғайлы нысанға айналып отыр.
Зерттеу нәтижесінде, діни ағымдардың қатарында жастардың көрсеткіші жоғары. Негізінде әрбір ағым өкілдері, жастарымызды өздерінің ықпалына қарай саяси мақсатта қолдануға тырысады. Кез келген жасөспірім жаңашылдыққа талапшыл болып келеді. Жаңа құбылысты үйренуге, оның қыр-сырын игеруге немесе оны білуге құштарлық танытады. Сонымен қатар, әрдайым ақпарат алаңының алдында отыратын да – жастар. Өзіне керекті мәліметтер іздеу барысында, осы діни ағым өкілдерімен кездейсоқтанысатын да жастарымыз.
Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің бірнеше себептерін атап көрсетуге болады. Біріншіден, сауаттылық мәселесі. Яғни діни сауаттылықтың төмен дәрежеде болуы. Екіншіден, әлеуметтік жағдай. Материалдық жағынан аз қамтылмаған отбасыларды, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы өздерінің қатарына қосып жатқандығын айтуға болады. Әрине, елдегі барлық отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ адамдарды діни сауатты етуге болатын іс.
Дегенмен, жаңа заманның жетістігі ғаламтор да бір жағынан өз зиянын тигізіп отыр. Мәселен, теріс діни ағымдардың өкілдері өз алдарына ғаламтор сайттарын ашып алып, көп уақытын компьютер алдында өткізетін жастардың санасын улауға тырысып бағуда. Сайт арқылы олар конституциялық құрылымға қарсы шығу, қалыптасқан дәстүрлерді терістеу, ата-ананы тыңдамау деген секілді теріс түсініктерін тықпалап жатыр. Жалпы алғанда, ғаламторды толық бақылау қиын іс. Бірін жапса, ертең екіншісі ашылады. Енді тек мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізіліп, ғаламтор сайттарындағы мәліметтер сұрыпталып отыруы керек. Сонымен қатар бүгінде Дін істері комитеті және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе, мұндай ғаламтор сайттарындағы теріс мазмұнды мәліметтермен күресті өз құзыреттеріне ала отырып, олардың жарыққа шығуын қадағалап, барынша тосқауыл қоюға тырысып жатыр.
Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған жылдардың басында, діннің беделі артып, дінге қызығушылық танытқан жастардың саны көбейді. Діни білім беру және діни сауатсыздық тұрғысында да ақсап тұрған жерлеріміз болды. Себебі ол кезде қазіргі күнгідей ҚМДБ және дінтанушы, теолог мамандар санаулы ғана еді. Діни білім алуға құштарланған жастарымыз,шет мемлекеттерге бірте-бірте кете бастады. Олардың қандай білім ордасында, қай бағытта діни білім алып жатқандықтары мемлекет тарапынан ескерілмеді. Шет елге кеткен жастарымыз, сол мемлекеттің ұлттық-діни ерекшеліктерін үйреніп, оны біздің қоғамға келіп тарата бастады.
Жастарымызды теріс діни идеологиядан сақтандыру жолдарының бірі ол – діни білімді арттырумен қатар, отбасы институтын жетілдіру. Жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағы не болмақ? Және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан,бұл олқылықтың алдын алу үшін, ең біріншіден әр ата-ана өзін, одан кейін баласын жастайынан жетілдіріп, дұрыс адами қасиеттерді бойына сіңдіре білу қажет. Бала кезден дұрыс тәлім-тәрбие ала білген жасөспірім, болашақта отансүйгіш, елжанды азамат болары сөзсіз.

Тегтер: ДІН МӘСЕЛЕСІдіни сауаттылықдіни саясат
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

07.08.2026, 20:05
ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

06.08.2026, 22:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.