• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауына арналған үгіт-насихат науқаны аяқталды.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
25.08.2026, 17:25
Азаматтық қоғам институттары, Саясат
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады
9
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бір айға жуық уақытқа созылған жұмыс барысында партия өкілдері елді мекендерге, еңбек ұжымдарына, әлеуметтік нысандарға және халық көп шоғырланатын орындарға барып, тұрғындармен тікелей кездесулер өткізді. Негізгі назар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырумен қатар, азаматтардың ұсыныстары мен нақты сұраныстарын тыңдауға бағытталды.

Науқанды ұйымдастыру үшін облыс аумағында 12 партиялық штаб құрылып, олардың жұмысына 362 адам жұмылдырылды. Осы кезеңде 1 500-ге жуық үгіт-насихат іс-шарасы өткізіліп, 414 852 тұрғын қамтылды.

Партияның облыстық және аудандық штабтары тұрғындармен кездесулерді әртүрлі форматта ұйымдастырды. Ашық кездесулермен қатар, «Есіктен есікке», «Жылжымалы штаб», мобильді үгіт-насихат топтары, экспромт кездесулер және қоғамдық қабылдаулар өткізілді.

Науқан барысында 400-ге жуық ерікті партияның ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысты. Олар елді мекендер мен қоғамдық орындарда тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын жинақтауға үлес қосты.

Ақпараттық қамту жұмыстары да жүйелі жүргізілді. Облыс бойынша 162 баннер және 18 LED-экран орналастырылып, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат тұрғындарға кеңінен жеткізілді. Сонымен қатар 356 мыңнан астам баспа үгіт материалының 100 пайызы таратылды.

Науқан барысында партияның басты қағидаты – халықпен тікелей диалог болды. Кандидаттар мен штаб мүшелері тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерді өздерінен тікелей тыңдап, 600-ге жуық ұсыныс жинақтады.

Тараз қаласы мен облыстың 5 ауданында Республикалық сайлауалды штаб өкілдері 23 кездесу өткізіп, 12 500-ден астам тұрғынмен жүздесті.

Өңірдегі сайлауалды жұмыстың тағы бір ауқымды бағыты – «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені болды. Автокеруен облыстың 7 елді мекенін аралап, шамамен 1000 тұрғынды қамтыды. Кездесулер барысында ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және жергілікті жерлерді дамыту мәселелерін көтерді.

Партия үшін сайлауалды науқан тек бағдарламаны таныстырумен шектелген жоқ. Әр кездесуде айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер жинақталып, алдағы жұмысқа негіз болатын ақпарат ретінде жүйеленді.

Жамбыл облысындағы науқанның есте қаларлық сәттерінің бірі – «ӘDILET EVENT» Open Air форматындағы ауқымды қоғамдық іс-шара болды. Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде өткен кешке 10 мыңнан астам тұрғын жиналды. Концерттік бағдарламада қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетіп, кештің ерекше бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар мен ел тарихын бейнелеген дрон-шоу ұйымдастырылды.

Үгіт-насихат науқанының аяқталуымен партиялық штабтар үшін жұмыс тоқтаған жоқ. Бүгін Жамбыл облысында агитациялық баспа материалдарын (АБМ) жинау және алып тастау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Партиялық штабтардың өкілдері мен белсенділер көшелерде, қоғамдық орындарда және түрлі нысандарда орналастырылған үгіт материалдарын ұйымдасқан түрде алып, аумақтарды тазартуға кірісті.

Бұл жұмыс республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен сабақтастырылды. Науқан кезеңінде облыстың барлық аудандарында абаттандыру және тазалық жұмыстарына тұрақты көңіл бөлініп, акция аясындағы іс-шараларға 6 мыңнан астам адам қатысты.

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда орналастырылған үгіт-насихат материалдарын жинау, сұрыптау және кәдеге жарату жұмыстары ұйымдастырылды. Осылайша, партия үгіт-насихат науқанын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қағидатымен қорытындылады.

«Үгіт-насихат науқанының аяқталуы – біздің жұмысымыздың тоқтағанын білдірмейді. Керісінше, халықпен кездесулер барысында айтылған ұсыныстарды жүйелеп, оларды одан әрі жұмысымызда ескеру кезеңі басталады. Біз үшін осы науқанның ең маңызды нәтижесі – өткізілген іс-шаралардың саны ғана емес, тұрғындармен орнаған тікелей байланыс және олардың нақты ұсыныстары. Ал бүгінгі тазалық жұмыстары – қоғамдық кеңістікке деген жауапкершіліктің көрінісі. Біз өзіміз пайдаланған ақпараттық кеңістікті өзіміз жинап, өңірді таза қалдыруды азаматтық жауапкершіліктің бір бөлігі деп санаймыз», – деді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Абуғали.

Жалпы, Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқаны жүйелі ұйымдастырылған жұмыс, халықпен тікелей диалог және азаматтардың ұсыныстарын жинақтауқағидаттары негізінде өтті.

Ал бүгінгі агитациялық материалдарды алып тастау жұмыстары «Таза Қазақстан»акциясымен ұштасып, сайлауалды науқанның соңғы нүктесін қойды.

Тегтер: Әділет партиясыҚұрылтай сайлауы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19
1 263 жарияланым: Сайлау науқанындағы сандар

1 263 жарияланым: Сайлау науқанындағы сандар

21.08.2026, 21:55

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.