• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.09.2026, 01:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысында өңір жұртшылығымен кездесті.

turan_admin turan_admin
06.08.2026, 22:15
Қоғам, Облыс жаңалықтары, Саясат
ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды
59
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында көзделген цифрландыруды дамыту және сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларын таныстырды.

Бүгінде, әсіресе шағын жинақты мектептері бар ауылдарда педагог тапшылығы әлі де өзекті әрі бұл жағдай білім сапасына тікелей әсер етеді. Осы мәселеге М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен кездесуде білім саласының ардагері Жәмилә Бекбатырова назар аударды.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын қысқарту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым міндеттердің бірі. «Әділет» партиясының өкілдері бұл мақсатқа білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, жаңа педагог кадрларын даярлау және заманауи цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

«Сайлауалды бағдарламада балабақшаларда 79 мың, мектептерде 300 мың жаңа орын ашу көзделген», – дейді Құрылтай кандидаты Динара Зәкиева.

Бұдан бөлек, партия бағдарламасында ауылдағы білім беру сапасын арттыру үшін тірек ауыл мектептерінің желісін құру, сондай-ақ Сәтбаев атындағы 60 инженерлік мектеп, IT-мектептер, Жәутіков атындағы математикалық мектептер мен Абай атындағы гуманитарлық мектептер ашу көзделген.

Білікті педагогтерді ауылдық жерлерге тарту мақсатында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын одан әрі дамыту ұсынылады. Бұл жоба аясында ауылға жұмысқа барған жас мамандар қаладағы әріптестеріне қарағанда 25 пайызға жоғары жалақы алады.

Сонымен қатар шағын жинақты мектептердегі кадр тапшылығын азайту мәселесіне де ерекше назар аударылады. Осыған байланысты бірден бірнеше сабақтас пәннен дәріс бере алатын педагогтерді даярлау ұсынылған. Мәселен, физика мен информатика немесе биология мен химия пәндерін қатар оқытатын мұғалімдерді даярлау көзделіп отыр.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, бүгінде білім беру жүйесін цифрлық технологияларсыз елестету мүмкін емес.

«Сондықтан партиямыздың сайлауалды бағдарламасында жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізуге және оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, оқу бағдарламасына жасанды интеллект негіздері мен алгоритмдік ойлау дағдыларын енгізу ұсынылады», – деді ол.

Бұл мәселеге «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидатретінде түсіп жатқан Рауан Кенжеханұлы да ұлттық теледебат барысында тоқталған еді. Ол мұғалімдердің бюрократиялық жүктемесін азайту туралы айта келе, осы бастама аясында 160 мың қазақстандық педагогқа ChatGPT Edu білім беру сервисіне қолжетімділік берілгенін еске салған болатын.

«Бұл мұғалімдерге жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшілерді күнделікті оқу процесінде тиімді пайдалануға және жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік береді. Педагогтер әр оқушының оқу үлгерімін тереңірек талдап, қабілетті балаларды анықтап, үлгерімі төмен оқушыларды қолдаудың нақты жоспарын жасай алады. Ал жақсы оқитын оқушылардың әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасалады. Мұның бәрі білім беруді дараландыруға мүмкіндік береді. Технологиялар әр мұғалімнің жұмысын тиімдірек ұйымдастырып, әрбір бала үшін жақсы нәтижеге қол жеткізуге жол ашады», – деді Рауан Кенжеханұлы.

Сонымен қатар партия өкілдері білім саласын цифрландыру заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз мүмкін емес екенін атап өтті. Осыған байланысты сайлауалды бағдарламада елдегі барлық елдімекенді кеңжолақты интернетпен қамту, оның ішінде шалғай ауылдарда спутниктік байланысты кеңейту көзделген.

Партия цифрлық инфрақұрылымды дамытумен қатар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруды да маңызды міндеттердің бірі санайды. Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусиннің айтуынша, барлық аудан мен ауыл тұрғындары үшін тегін цифрлық сауаттылық курстарын кеңейту ұсынылады. Бұл ретте жастарға, жұмыссыз азаматтарға, көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге және кәсіпкерлерге басымдық беріледі.

«Сондай-ақ мектептер мен колледждерде бағдарламалау, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық кәсіпкерлік бағыттары бойынша практикалық оқытуды кеңейтуді ұсынамыз. Бұдан бөлек, шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен және тұрақты мобильді байланыспен қамтамасыз ету де басым міндеттердің бірі болады», – деді ол.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzАйбек ДәдебайӘділет партиясы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.