• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
07.08.2026, 20:05
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам, Облыс жаңалықтары, Сараптама, Саясат
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (2 апта)
129
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Есепті кезеңде Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл облыстық партия филиалдарының ресми парақшаларында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, тұрғындармен кездесулер, еңбек ұжымдарымен жүздесулер, ақпараттық іс-шаралар және қоғамдық акциялар туралы жарияланымдар орналастырылған.

«Әділет» партиясының Instagram парақшасында 104 жарияланым жарық көрген. Оның ішінде 31 кездесу, 4 акция және 2 үгіт-насихат іс-шарасы жарияланған. Жарияланымдарда кандидаттардың тұрғындармен, жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесулері, сайлауалды бағдарламаны таныстыру жұмыстары, қоғамдық акциялар мен партиялық іс-шаралар қамтылыпты.

Жамбыл облысына арнайы келген партия төрағасы Айбек Дәдебай жақтастарға партия билетін тапсырып, еңбек ұжымдарымен, ауыл кәсіпкерлерімен, медицина қызметкерлерімен, жастармен, зиялы қауым өкілдерімен және өңір жұртшылығымен мазмұнды кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, ресми парақшада Тараз қаласындағы «Көне Тараз» арбат кешенінде өткен «ӘDILET EVENT» OPEN AIR концертінен фото және бейнематериалдар жарияланған.

Ал. Respublica партиясының Instagram парақшасында 52 жарияланым орналастырылған. Контенттің негізгі бөлігін еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесулер, кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын таныстыру, өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстары, қоғамдық қабылдаулар және партиялық іс-шаралар туралы материалдар құрайды. Республикалық штаб мүшелері Олжас Құспеков, Нұргүл Тау, Екатерина Смолякова жамбылдықтармен жүздесті. Партияның тең төрағаларының ешқайсы бой көрсетпеді, жарнамаланған Қуаныш Шоңбай жастармен кездеспеді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Instagram парақшасында 10 жарияланым жарияланған. Онда партия кандидаттарын таныстыру, теледебаттан үзінділер, тұрғындармен кездесулер және сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы ақпарат орналастырылған.

«Ауыл» партиясының Instagram парақшасында 79 жарияланым орналастырылған. Жарияланымдарда ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен кездесулер, өңірлерге жұмыс сапарлары, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға бару, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары қамтылған.

Қазақстан Халық партиясының Instagram парақшасында 20 жарияланым жарияланған. Контентте тұрғындармен, медицина қызметкерлерімен және еңбек ұжымдарымен кездесулер, сайлауалды бағдарламаны таныстыру, кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, ақпараттық бейнероликтер мен сайлаушыларға арналған үндеулер орналастырылыпты.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Instagram парақшасында 43 жарияланым орналастырылған. Жарияланымдарда тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер, кәсіпорындардағы үгіт-насихат жұмыстары, кандидаттардың өңірлерге сапарлары және Дания Еспаева бастаған партия өкілдерінің жұмысшылармен кездесуі қамтылған. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары: отандық өндірісті дамыту, өңдеуші кәсіпорындарды қолдау, салық саясатын жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын ашу және шағын әрі орта бизнесті дамыту мәселелері таныстырылған.

«BAYTAQ Жасылдар» партиясының Instagram парақшасында 8 жарияланым орналастырылыпты. Посттар экологиялық мәселелерге, тұрғындармен кездесулерге, экологиялық акцияларға, қоршаған ортаны қорғауға және партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттауға арналған.

Жалпы мониторинг барысында партиялардың Instagram парақшаларында кандидаттардың кездесулері, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру, үгіт-насихат іс-шаралары, қоғамдық акциялар және өңірлерде өткізілген түрлі іс-шаралар туралы ақпараттық материалдар жарияланғанын көріп отырмыз.

Тегтер: «BAYTAQ Жасылдар» партиясы«Respublica» партиясы«Ақ жол» демократиялық партиясы«Қазақстан Халық партиясы»Ауыл партиясыӘділет партиясыЖалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП)партиялар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.