Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мамандандырылған әскери мектеп-интернатының директоры қызметіне Әзімбай Әлішер тағайындалды.
Әзімбай Әлішер 1986 жылдың 26 маусымында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дүниеге келген.
2005-2009 жылдар аралығында А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2010-2011 жылдар аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығында білім алған.
Әзімбай Әлішер еңбек жолын 2009 жылы Төле би атындағы №8 гимназиясында тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2011-2014 жылдары — Төле би атындағы №8 гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2014-2017 жылдары — Төле би атындағы №8 гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2017-2018 жылдары — «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ-нің директорының міндетін атқарушы;
2018-2024 жылдары — «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ-нің директоры;
2024 жылы – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары;
2025 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Jas Tamir Elite school» мектебінің директоры қызметін атқарған.






