• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
15.11.2026, 17:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі аудандық шарасы өткізілді

turan_admin turan_admin
07.08.2018, 18:13
Облыс жаңалықтары
«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі аудандық шарасы өткізілді
1.1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 3 тамызы күні аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі аудандық шарасы өткізілді.
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша келіп түскен құжаттармен, ұсыныстарды Сарапшылар кеңесі қарап, талқылап, көпшілікке таныстырды.
1) «Жыл меценаты» номинациясының номинанты ретінде туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырғаны үшін Жарлысулық жерлесіміз, ірі шаруашылық «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы, жеке кәсіпкер, «Ерен еңбегі үшін» және «Парыз» медальдарының, «Құрмет» және «Ұлт даңқы» орденінің, «Еңбек даңқы» белгісінің, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сайранбай Әліқұлұлы Дөненбаевты Өрнек ауылдық округі ұсынды.
«Шәушен» шаруа қожалығы «Парыз-2012» конкурсында орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша күміс жүлдегері де атанған.Сайранбай Әліқұлұлы ауданның қоғамдық жұмыстарында белсенділік көрсетіп, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына, еңбек және соғыс ардагерлеріне қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. 2009 жылы алыстан көз тартатын, еңселі де әсем мешіт, 25 балаға арналған медресе, 200 оындық асхана салып берсе, 2010 жылы жұмыртқадай тізілген екі пәтерлік жаңа үлгідегі 10 тұрғын үй салып, ауыл тұрғындарына табыс етті. 2012 жылы мектеп оқушыларына арналған 40 орындық интернат салып, мемлекет меншігіне берді. 2014 жылы ҰОС мен ашаршылық жылдары қаза болған құрбандарына арналған аллея, монумент салды, 2017 жылы 92 орындық балабақша құрылысын аяқтап, мемлекет меншігіне, халық игілігіне берді.

2) «Туған өлке» » номинациясының номинанты ретінде демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін жерлесіміз Жақсылықтық Азаматхан Әміртаевты Көкдөнен ауылдық округі ұсынды.
Кәсіпкер азамат Азаматхан жерлестеріне кезінде мешіт салып берсе, жақында Көкдөнен, Жақсылық ауылы қарияларының Алматы, Астана қалаларының көрікті жерлерін аралауға демеуші болды. Ауыл имамы мен ауылдық 9 отбасының мұқтаж жандарға көмек берген.Ауылдық мәдениет үйіне соңғы үлгідегі музыкалық аппарат әперіп, жағдайы төмен отбасы балаларына көмек қолын ұсынған.
3) «Жүректен жүрекке» номинациясының номинанты ретінде аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлерді аудандық білім бөлімі, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Қорағаты, Құлан,Абай ауылдық округтері ұсынды.
1.«Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы», жеке кәсіпкер, көп жақсы істердің қолдаушысы, жомарт жан Сәбит Сұлтанұлы ұсынылған
Сабит Султан — «Т.Рысқұлов ауданының құрметті азаматы». «Құлан ауылындағы «Сұлтан» орталық мешіті 2006 жылы Сәбит Сұлтанның қаржысымен тұрғызылған. Басқа да көптеген игі істер жасаумен айналысатын Сабит Султан орталықтағы Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі оқушыларына, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларына да үздіксіз демеуші болып келеді. Мектептің барлық Қайырымдылық шараларына демеушілік жасап, белсенділік танытатын С.Султан әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға да белсене атсалысады.
2. «Құлан жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы, жеке кәсіпкер, әлеуметтік нысандарды халық игілігіне жаратып, қызмет жасап жүрген азамат Қонысбай Оразханұлы Сағынбеков ұсынылған.«Дулат баба» кесенесіне қомақты қаржы беріп, демеушілік көмек көрсеткен.
3. Аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге, қайтарымсыз көмек көрсетумен айналысып, өз ісін дөңгелетіп отырған «Сүйін» шаруа қожалығының басшысы, Абай ауылының тумасы, жеке кәсіпкер Әлихан Тұтқышбайұлы Бәрменқұлов Абай ауылдық округінен ұсынылған.Ол ауылдық мешітке демеушілік жасап, әлеуметтік көмекті қажет ететін 4 отбасына көгілдір отын кіргізуге көмек берді.Жыл сайын аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық 300000/үш жүз мың/ теңге қаржылай көмек берумен айналысып келеді.
4.Қорағатылық «Ақ қайнар» шаруа қожалығының жетекшісі Сұлукүл Серікбайқызы Дәлібаева ұсынылған.Жеке кәсіпкер Қорағаты ауылында өтетін барлық іс-шараларда демеушілік танытып, аз қамтылған отбасыларға жыл бойы үздіксіз көмек берумен айналысады.
5. Мүгедек азаматтар мен ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін жомарт жанды кәсіпкер, Құландық «Тазалық» ЖК төрайымы София Калымбековна Канарова ұсынылған.Жеке кәсіпкер Құлан ауылындағы 141 мүгедек азаматтар мен Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне тегін коммуналдық қызмет көрсетіп, өз демеушіліктерін танытып жүр.
6.Жақсылық ауылының Бәйтіковтер әулеті ұсынылған. Отбасы мүшелерімен Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектепке қомақты қаржыға пән кабинетін жабдықтап, сыйға тартты.
4)«Жылдың үздік ұйымы» номинациясының номинанты ретінде қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жұмыстарын жасағаны үшін «Құлан энерго- жылу» коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны ұсынылған. «Құлан-Энерго Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Құлан ауылында орналасқан мектептер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері мен тұрғындарға тұрақты түрде демеушілік көмек жасап келеді.
5) «Ерен еріктілік» номинациясының номинанты ретінде Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны және мүгедек азаматтарға, қараусыз қалған отбасы мүшелеріне демеушілік көмек жасаумен айналысқаны үшін «ЭлАй -Құлан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марлан Тұрғынбекұлы Әденов ұсынылған. «ЭлАй -Құлан» қоғамдық бірлестігі 20 мүгедек балаларға, 15 қарт пен 18 жастан асқан I және II топ мүгедектеріне арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін барлығы 105 мүгедек бала, 18 жастан асқан I және II топ мүгедектер мен қарт адамдарға қызмет көрсетіп, 23 адамды жұмыспен қамтыды.
6) «Батыл жүрек» номинациясының номинанты ретінде Азаматтардың өмірін құтқару кезінде ерлік жасағаны үшін, Әбжапар ауылында су тасқыны уақытында ауылдастарына азаматтық көмегін беріп, өз батылдығын көрсеткен, қарапайым ауыл тұрғыны, патриот Әлібек Доғдырбайұлы Әнтаев ұсынылды.Табиғаттың тосын құбылысынан тайсалмастан жерлестеріне көмек қолын созған Әлібек Доқтырбайұлы жас ұрпаққа шынайы патриоттық сезімі мен азаматтарға деген адамгершілік қасиеттерімен үлгі болуда.
Басшы Л.Ш.Утеулиева
Орын: Д.Сауқымбек тел:2-12-68
қосымша №1
«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсіміне ұсынылған лауреаттар тізімі

«Жыл меценаты»
Сайранбай Әліқұлұлы Дөненбаев
«Туған өлке»

Азаматхан Сайлауұлы Әміртаев
«Жүректен жүрекке»
Әлихан Тұтқышбайұлы Бәрменқұлов

Сұлукүл Серікбайқызы Дәлібаева

София Калымбековна Канарова

Сәбит Сұлтан

Қонысбай Оразханұлы Сағынбеков

Бәйтіковтер әулеті
«Жылдың үздік ұйымы»
«Құлан энерго- жылу» КҚК
«Ерен еріктілік»
Марлан Тұрғынбекұлы Әденов
«Батыл жүрек»
Әлібек Доғдырбайұлы Әнтаев

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53
Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:48
Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік қызмет тәжірибесі және отбасына қолдау көрсету мәселелері

15.11.2026, 15:51

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33

Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

14.11.2026, 11:30

Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

14.11.2026, 09:28

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.