• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жетігенді көшпелі заманда жігіттер көбірек ойнаған» – Сәуле Жұмабай

turan_admin turan_admin
13.09.2021, 15:18
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
«Жетігенді көшпелі заманда жігіттер көбірек ойнаған» – Сәуле Жұмабай
230
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Cол мақсат жолындағы жазбамыздың келесі кейіпкері жетіген аспабының шебері – Сәуле Жұмабай.

Жетігенмен шет елдерді таңғалдырып жүрген нұр-сұлтандық Сәуле Жұмабай біршама республикалық конкурстарда топ жарып, домбырасымен де талайларға таңдай қақтырған.

Жетіген қазақтың көне аспаптарының бірі. Бір ғасырға жуық уақыт іздеусіз қалып кеткен аспапты 60-жылдары этнограф ғалым, академик Болат Сарыбаев жоғалтқанымызды тауып, қайта жаңғыртты. Содан бері жетіген аспабына қызығушылар күн санап көбейіп келеді. Сәуле Жұмабай да бұл аспапты аса қызығушылығының арқасында үйренгенін айтады.

Жетіген менің бала кездегі қиялым, арманым болды. Себебі, 6-7 сыныптарда оқып жүргенде ойыма осы аспап орала берді. Бірақ оның қандай аспап екенін, атын да затын да білмедім. Тек қана үкім желбіреп сол аспапты ойнап отырған болашақ Сәуле көз алдыма елестей беретін. Кейіннен осы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түскен кезде ғана бұл аспаппен таныстым, қыр-сырын білдім, — дейді.

Ұлттық аспапты дәріптеуге қаншама адамдар тер төкті. Соның нәтижесінде қазір кең танымалдылыққа ие, көп адам үйренуге бейілді. Әйтсе де, Сәуле алғаш бұл аспаппен танысқан кезінде үйреніп кетуіне білімі мен біліктілігі жетпегенін алға тартады.

Бұл аспаптың ерекшелігі әрине үнінде. Әндермен керемет үйлеседі, әрі менің табиғатыма жақын. Жалпы өзімнің аспабым екенін мен сездім және осы аспапты әрі қарай дамытып, жетігенмен ән орындауға бел будым. Жетіген ойнап, жетігенмен ән айтып өзімнің бала күнімдегі арманымды орындадым десем де болады. Ол – менің арманыма жасалған ең үлкен қадам болды, — дейді Сәуле.

Жетігеннің репертуары бүгінгі күнге дейін жетпеген, шығармалары сақталмаған. Сол себепті жетігенге арналған репертуарды музыканттар өздері жаңа шығармалармен толықтырып жасап шығарды. Ал бұрынғы жетігеннен қазіргі жетігеннің құрылымы өзгеше. Себебі тек қана жеті ішек емес, үш октаваға дейін созылған жиырма бір немесе жиырма екі ішектен тұрады. Дыбысты пернелерді басу арқылы емес, әрбір ішекті шерту арқылы орындалады. Осы аспапты меңгере алған Сәуле, қазір қыз балалардың қызығушылығын оятқан жетігенді алғашында жігіттер қауымы көп ойнаған деген тың ақпаратпен бөлісті.

Жетігенді көшпелі заманда жігіттер көбірек ойнаған екен. Себебі жетігенде ойнаған жігіт өте жоғары бағаланған. Ақсүйек саналған. Ал қазір жетіген өте нәзік болғаны үшін қыз баланың үнімен жақсы үйлескендіктен тек қана қыздар ойнап жүр. Дегенмен бізде жетіген ойнайтын жігіттер де бар. «Тұран» тобының солисті Ержігіт Әлиев сынды біршама жігіттер осы аспапты меңгерген. Бірақ ауыз толтырып айтатындай көп емес.

Қазақтың кез келген аспабын бойында таланты болмаса еркін меңгеріп кете алатындай оңай шаруа емес. Әр аспаптың өзіндік ерекшелігімен қатар қиындығы мен шыдамдылықты талап ететін қыңырлығы бар. Жетіген, тіпті күрделі аспап. Соған қарамастан төзімділік танытқан Сәуле кез келген жерде жетігенін жанынан тастамай, әндерін шырқап жүреді екен.

Әрбір ішектің дыбысына мән беру, әрбір ішектен дыбыс шығару ол өзінше бір күрделі жұмыс. Сонда да жетігенге деген махаббат, үлкен табандылық болса оны алып ойнап кетудің ешқандай қиындығы жоқ. Тек әр істі бастап, оны әрі қарай жалғастыру үшін өте үлкен еңбек керек.

Болашағыңды болжап, мінезің арқылы қандай маман иесі болатыныңды дәл тауып, баға бере алатын жан, ол – ұстаз. Сәуле Жұмабайдың да мектептегі ұстазы Клара Иманғазиева «оқушы кезінен өткір, тілге шешен қыз болатын» — дейді.

Сәуле оқушы кезінен өткір, тілге шешен қыз болатын. Домбырамен ән шырқағанда жүзі бал-бұл жайнап, жанары ойнақыланып сала беретін. Сол кездің өзінде-ақ болашақта өнер бәйгесінде топ жарып, өз орынын табатын талант болатынына көз жеткізіп қойған. Ата-ананың ғана емес, қазақтың аяулы қызына айналатынына сенім білдіремін, — дейді.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/66148/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.