Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының Байқау кеңесінің ұсынысымен, ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің келісімімен, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2021 жылғы 12 сәуірдегі бұйрығымен Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері лауазымына Жетибаев Кайрат Кыдыралиевич тағайындалды.
Жетибаев Кайрат Кыдыралиевич 1967 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығын бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 25 жыл, соңғы жұмыс орыны Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері қызметін атқарды.






