Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» базасында COVID-19 инфекциясының алдың алу мақсатында Тараз қалалық №8 емханасының медицина мамандары Жамбыл облысы ТЖ департаментінің қызметкерлерімен екпе жұмыстарын жүргізді.
Мекеме және өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары от жауынгерлерімен бірге «Спутник V» вакцинасын салдырды. Ерікті түрде жүргізілген вакцина салдыру шарасына Өрт сөндіру мекемесінен жүзден астам адам қатысты. Еске сала кетсек бұған дейін мекемеде және өрт сөндіру бөлімдерінде медицина мамандарымен короновирустық инфекцияға қарсы вакцина салдыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған орай бірнеше қызметкер өз еріктерімен аталған екпені салдырғанын да атап кеткен жөн.
Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталғаны белгілі. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакцинациялау процесіне отандық өндіріс — QazCovid-In препаратын іске қосу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта бұл вакцинаны салдыру үшін дайындық жұмыстары басталды.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы






