Жамбылдық ерікті Еркін Әбдиевтің белсенді қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан лайықты бағаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жұмысына риясыз көмек көрсете отырып, Еркін Әбдиев есірткіге қарсы күреске бағытталған түрлі іс-шараларға үнемі белсене қатысады.
Оның еңбегін ескере отырып, Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов жас еріктіге ҚР Ішкі істер министрінің атынан алғыс хат табыс етті.
– Мен үшін бұл – жоғары марапат!
Менің жұмысым туралы Ішкі істер министрлігінде белгілі болғаны өте қуантады.
Мен қоғамға нақты пайда әкелетін осы бағыттағы жұмысымды жалғастыра беремін, – деді «Ақ Сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Қайырбекұлы.






