• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан құқық қорғау қызметі деректер ғылымы мен жасанды интеллектке сүйенетін мемлекеттер қатарына қадам басуда: прокурорлар жасанды интеллект әзірлеушілеріне айналып, өз әзірлемелерін әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лиге таныстырды

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
05.08.2026, 16:32
Жаңалықтар, Заң, Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды
9
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемге әйгілі сарапшы Кай-Фу Лимен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараның басты тақырыбы IT-мамандар емес, прокуратура қызметкерлерінің өздері әзірлеген алғашқы цифрлық жасанды интеллект құралдарының таныстырылымы болды.

Мұндай нәтижелерге қазақстандық Q.AI компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізілді.

20-дан астам прокурор дәстүрлі бағдарламалау дағдыларынсыз жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретін озық Vibe Coding әдісі бойынша қарқынды оқудан өтті.

Кездесу барысында қадағалау органының басшысы мен доктор Кай-Фу Лиге екі пилоттық өнім таныстырылды:

– Тергеушінің ЖИ-көмекшісі (қылмыстық схемалар генераторы) – қылмыстық істер бойынша мәтіндік анықтамаларды автоматты түрде талдап, бірнеше секунд ішінде көрнекі схемалар құрастыратын бірегей алгоритм. Жасанды интеллект қылмыстың мән-жайын өздігінен анықтап, қатысушылар арасындағы жасырын байланыстарды айқындайды және негізгі дәлелдемелерді жүйелейді. Парақорлық пен жалған шот-фактураларға қатысты істерде сынақтан өткен бұл құрал прокурорларды техникалық сипаттағы күнделікті жұмыстан босатып, уақытты айтарлықтай үнемдейді.

– Үлкен деректердің ЖИ-талдаушысы – қылмыстық статистиканың бір жылдық көлемін небәрі 15 минут ішінде өңдей алатын жүйе. Нейрожелі құқық бұзушылықтардың түрлері мен демографиялық көрсеткіштерін көрнекі түрде бейнелейтін интерактивті дашбордтар қалыптастырады. Бұл шешім мемлекеттік деңгейде алдын алу шараларын қабылдау үдерісін түбегейлі жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Бүгін біз Бас прокуратураның цифрлық жетілу деңгейінің жоғары екенін көріп отырмыз. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет он жыл ішінде қоғам игілігі үшін – азаматтарды алдын ала қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға болатын орасан зор деректер қорын жинақтады. Кодтың бірде-бір жолын жазбаған қызметкерлер адамның мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары жылдамдықпен деректерді өңдей алатын өнімдер әзірлеуде», – деді Кай-Фу Ли таныстырылым барысында.

Кездесу қорытындысы бойынша прокурор-әзірлеушілерді одан әрі оқыту, сондай-ақ ведомство көлемінде жүйелі «ЖИ-қабатын» енгізу үшін басым пилоттық кейсті айқындау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Жасанды интеллект саласындағы үздік шешімдердің авторы атанған прокурорларға алғыс хаттар табысталды.

«XXI ғасырда басты детектив алгоритмдер болады. Егер бұрын қылмыскерді саусақ ізі әшкерелесе, енді оны мінез-құлық моделі әшкерелейді. Біз ұрылардың, қарақшылардың және зорлық-зомбылық жасаушылардың күмәнді мінез-құлық үлгілерін анықтау үшін бейнеағындарды талдау мүмкіндігіне жақындап келеміз. Қылмыскер жүзін жасыра алады, бірақ өзінің мінез-құлқын жасыра алмайды. Осылайша қылмыстың алдын алу және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету тетіктері күшейеді. Заңның алдын ала әрекет ету мүмкіндігі артады», – деп атап өтті Берік Асылов кездесуді қорытындылай отырып.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл кездесу мен онда ұсынылған барлық шешімдер Мемлекет басшысының мемлекеттік институттарды жаңғырту және мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін озық технологияларды пайдалану жөніндегі тапсырмаларының нақты жүзеге асуы болып табылады.

Тегтер: turaninfo.kzБас прокуратураБерік Асыловжасанды интеллектКай-Фу Ли
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.