• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 03:31
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: телефон алаяқтығы ақша қаражатын ұрлау мен алаяқтық қарыздарды ресімдеудің кең таралған схемаларының бірі болып қала береді.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
18.08.2026, 11:41
Жаңалықтар
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады
21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Схема қалай әрекет етеді?

Қаскүнемдер азаматтарға телефон шалып, банктік шот бойынша күдікті операциялар, кредит рәсімдеуге талпыныс, банктің мобильдік қосымшасына шабуыл жасау, ақшалай қаражатты жедел қорғау немесе оны «қауіпсіз» немесе «қорғалған» шотқа аудару қажеттігі туралы хабарлайды.

Сенімділікті күшейту үшін алаяқтар клиенттің дербес деректерін айта алады, банктің, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстыра алады, сондай-ақ психологиялық қысым көрсетіп, нұсқауларды дереу орындауды талап ете алады.

Соңғы уақытта екінші мобильді құрылғыны қолдану схемасы жиі қолданылады. Азаматтан түрлі сылтаумен екінші телефонды немесе планшетті пайдалануды, бейнебайланысты қосуды, мобильдік құрылғының экранын көрсетуді, банктің мобильдік қосымшасына кіруді немесе сұхбаттасушының бақылауымен белгілі бір іс-әрекеттерді орындауды сұрайды. Мұндай талаптар алаяқтықтың сипатты белгілерінің бірі болып табылады және банктің мобильдік қосымшасында операциялар жасау кезінде клиенттің әрекеттеріне бақылау алуға бағытталған.

Психологиялық қысымды пайдаланып және шұғыл сезім тудырып не сенімге ие бола отырып, алаяқтар азаматтарды банктің мобильдік қосымшасындағы әрекеттерді өз бетінше орындауға, биометриялық сәйкестендіруден өтуге және ақыр соңында ақша қаражатын жоғалтуға немесе кредитті ресімдеуге әкелетін операцияларды растауға көндіреді.

Алаяқтар қандай сөз тіркестерін жиі пайдаланады?

Мына сөздер сақ болуға себеп болуы тиіс: «Сіздің шотыңыз бойынша күдікті операция жүргізіліп жатыр», «Сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр», «Сіздің атыңызға кредит ресімдеуге тырысып жатыр», «Дереу ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз», «Кредитке өтінімді дереу жою қажет», «Мына сөйлескенімізді ешкімге айтпаңыз», «Әрекетті болдырмау/растау үшін SMS кодын таңдаңыз», «Шотты қорғау үшін қосымшаны орнатыңыз», «Екінші телефонды алып, біздің нұсқауларымызды орындаңыз», «Экран көрсетілімін қосыңыз», «Телефон экранын бейнебайланыс арқылы көрсетіңіз», «Бейнебайланыс арқылы өзіңізді растаңыз».

 

Нені білу маңызды?

Банк қызметкерлері:

— СМС-кодтарды, push-кодтарды және құпиясөздерді сұратпайды;

— ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету үшін оларды басқа шоттарға аударуды сұрамайды;

— банк картасының толық нөмірін және CVV-кодты сұратпайды;

— екінші мобильді құрылғыны пайдалануды, экранды көрсетуді немесе бейнебайланысты қосуды сұрамайды;

— телефон арқылы қысым көрсетпейді және шұғыл әрекеттер жасауды талап етпейді.

Банктердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері растау кодтарын хабарлауды, телефон немесе бейнебайланыс арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуді, олардың нұсқауы бойынша қаржылық операцияларды орындауды талап етпейтінін есте сақтаған жөн.

 Өзіңізді қалай қорғауға болады?

Мынадай әрекеттерді жүзеге асыру ұсынылады:

— растау кодтарын және дербес деректерді ешкімге хабарламау;

— телефон арқылы белгісіз тұлғалардың нұсқауларын орындамау;

— күмәнді сілтемелерге өтпеу;

— қоңырау шалушы тұлғаның өтініші бойынша қосымшаларды орнатпау;

— бөгде тұлғаларға банктің мобильді қосымшасындағы әрекеттерді бақылауға мүмкіндік бермеу, экранды көрсетуді және бейнебайланысты қоспау;

— белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша екінші мобильді құрылғыны немесе планшетті пайдаланбау;

— күрделі құпиясөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдалану;

— кредиттік тарихты, банк хабарламаларын және шоттар бойынша операцияларды тұрақты түрде тексеріп отыру;

— «Стоп-кредит» сервисін пайдалану;

— күмән туындаған жағдайда банктің интернет-ресурсында немесе төлем картасында көрсетілген ресми телефон нөмірі бойынша банкпен өз бетінше байланысу.

Есте сақтаған жөн: егер сұхбаттасушы қысым көрсетсе, қоқан-лоқы жасаса, сөйлесуді құпия сақтауды немесе шұғыл шешім қабылдауды талап етсе – сөйлесуді дереу тоқтату қажет.

 Деректерді хабарлап қойған жағдайда не істеу керек?

Егер алаяқтарға растау коды, карта деректері берілсе немесе ақшалай қаражат аударылса:

— банкке дереу хабарласыңыз;

— картаны және мобильді қосымшаға кіру мүмкіндігін бұғаттаңыз;

— жазысқан хаттарды, телефон нөмірлерін және операциялар туралы ақпаратты сақтаңыз;

— қаскүнемдердің телефон нөмірін «116» нөмірі бойынша хабарлаңыз;

— құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Агенттік азаматтарды қырағылық танытуға және мынаны есте сақтауға шақырады: банктердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ақшалай қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуды, растау кодтарын хабарлауды, қосымшаларды орнатуды, мобильді құрылғының экранын көрсетуді немесе операцияларды жүргізу үшін екінші құрылғыны пайдалануды талап етпейді.

Телефон алаяқтығынан қорғанудың негізгі тәсілі – қысымға берілмеу, сөйлесуді тоқтату, қаржылық операцияларды орындамау және белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша дербес деректерді бермеу, сондай-ақ ресми байланыс деректері бойынша қаржы ұйымымен өз бетінше байланысу болып табылады. 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Тегтер: алаяқтықбанк қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41
Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43
Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00
Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.