• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:26
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылдық делегация Иран Республикасында

turan_admin turan_admin
19.04.2017, 18:12
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
Жамбылдық делегация Иран Республикасында
275
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестицияларды тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру және басқа елдермен әріптестік байланысты нығайту туралы тапсырмасын іске асыру аясында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясында жұмыс сапарымен болды.
Іссапар барысында аймақ басшысы Гилян провинцияссының губернаторы М. Наджафимен кездесіп, өңірлер арасындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда — экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды нығайту бойынша әңгімелесті.
— Бүгін біз Сіздің шақыруыңызбен өңірлер арасындағы әріптестік байланысты нығайту мақсатында тарихы терең Рашт қаласында өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Бұл қарым-қатынас екі өңір арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз, — деген аймақ басшысы киелі Әулиеата өңірінің жағдайымен көпшілікті таныстырып өтті.
Сондай-ақ, басқосуда кәсіпкерлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын екіжақты әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
— Бүгін біз тиісті меморандумға қол қоя отырып, нақты салаларда қарым-қатынасты одан ары арттырамыз деп ойлаймын. Ол өз кезегінде өңірлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кездесу Жамбыл облысы мен Гилян провинциясының арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деген сенімдемін. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, экономикалық, рухани-мәдени қарым-қатынасымызды одан ары арттыра түсу мақсатында, өзіңізді және гиляндық әріптестерді Жамбыл облысына арнайы сапармен келуге шақырамын, — деді облыс әкімі К. Көкірекбаев.
Үш күндік жұмыс сапары кезінде жамбылдық делегация Рәшт қаласындағы Шәһид Әнсари атындағы кәсіптік-техникалық оқу орталығы мен Әнзәли еркін сауда-өнеркәсіп аймағы мен айлағының жұмысымен танысып, сондай-ақ, Уылдырықты балық институтының, «Иран-Радитор» зауытының жұмысын көзбен көрді.
Жалпы экономикалық талдау көрсеткендей, Жамбыл облысының Иран Ислам Республикасымен тауар айналымы 2016 жылы 919 мың АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам ұлғайды. Ал, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 802,5 мың АҚШ долларына жетті, экспорт көлемі 780,7 мың АҚШ долларын, импорт 21,8 мың АҚШ долларын құрады.
Негізі Жамбыл облысы арқылы Иранға пияз, кептірілген жасымық пен бидай экспортталса, біздің аймаққа Ираннан құрма, құрылыста пайдаланатын заттар, резеңке бұйымдары, тоқыма материалдары, шыны ыдыстар, қара металлдан әзірленген бұйымдар, радиаторлар, электр шамдар және басқа халық тұтынатын тауарлар импортталған.
Сондай-ақ, Иран елінен жалпы көлемі 62,2 тоннаны құрайтын құрма, авокадо, манго, гарциния секілді жемістер жеткізілген. Бүгінгі күнге аймақта мақсарыны қайта өңдеу және оның майын өндіру бойынша «ҚазИрАгро» серіктестігімен бірлескен құны 5,7 млн. АҚШ долларын құрайтын жоба іске асырылды. 2016 жылы бұл кәсіпорын шамамен 190 млн.теңгеге 600 тонна өнім өндіріп үлгерді. Бұған қоса «Меркі ет» компаниясы Иранға жылына 3 мың тоннаға дейін ірі қара және ұсақ мүйізді малдың етін жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде.
Бүгінгі күнге Иранға 15 тонна ет жіберілді.
Сондай-ақ облыста, Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдерін өндіретін «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і жұмысын бастады. Кәсіпорын бүгінде ет өнімдерін Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауды бастады.
Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясына жұмыс сапарымен барған делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, басқарма, жоғары оқу орны мен бірқатар ірі, орта кәсіпорындар, шаруа қожалықтардың басшылары және Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері бар.
Жамбыл облысы әкімнің баспасөз қызметі

Тегтер: ДосаевЖамбыл облысыиранкәрім нәсбекұлыКөкрекбаевоблыс әкімі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.