• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 19:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында заң бұзушылықтардың жолы кесіліп, бюджет қаржысы қайтарылды

Өңірдегі прокуратура қызметкерлері заңнама талаптарының сақталуын қадағалау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жергілікті жерлердегі жағдайды талдау және тексеру шаралары заң бұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесуге мүмкіндік берді.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
16.07.2026, 18:59
Жаңалықтар
Жамбыл облысында заң бұзушылықтардың жолы кесіліп, бюджет қаржысы қайтарылды
25
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Алкогольсіз ауыл» бастамасы және заңсыз саудамен күрес

Қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жамбыл облысының бірқатар аудандарында, соның ішінде Байзақ ауданында «Алкогольсіз ауыл» бастамасы жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасының үйлестіруімен, сондай-ақ ақсақалдар мен жергілікті тұрғындардың қолдауымен Абай, Базарбай және Байзақ ауылдарында алкоголь өнімдерін сату толығымен тоқтатылды.

Сонымен қатар, ішімдік айналымы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау күшейтілді. Заң талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 200-бабы бойынша 25 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нақты мысал: Байзақ аудандық сотының 2026 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен ірі супермаркеттердің бірі тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін кінәлі деп танылды. Оған ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, лицензиясының қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылды. Алайда, енгізілген шектеулерге қарамастан, рейд барысында лицензия уақытша тоқтатылған кезеңде де алкоголь өнімдерін сақтау фактісі анықталды.

Прокурорлық ықпал ету актісі бойынша кәсіпорын ӘҚБтК-нің 282-бабы 7-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, лицензиясынан айырыла отырып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қабылданған шаралар мас күйінде жасалатын қылмыстар санын 73,4 пайызға төмендетуге септігін тигізді. Прокуратура барша азаматтарды алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Мектеп жөндеуіне бөлінген бюджет қаражатын қайтару

Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізді. Тексеріс барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу кезінде мердігер ұйымға іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңгеден астам қаражаттың негізсіз төленгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған қаражат бюджетке толығымен қайтарылды. Тапсырыс беруші болып табылатын аудандық білім бөлімі, мердігер ұйым, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша жалпы сомасы 1,4 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі толық көлемде аяқтап, мектеп пайдалануға берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау

Т. Рысқұлов ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, азаматтардың құқықтарын қорғады.

Аудан әкімдігі мен оған қарасты мекемелер жыл сайын 58 штаттық азаматтық қызметшіге сауықтыру жәрдемақысын төлемей, ұзақтығы 24 күнтізбелік күн болатын еңбек демалысын беріп келгені анықталды. Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының талаптарына сәйкес келмейді.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде азаматтық қызметшілерге өткен жылдар үшін жалпы сомасы 9,8 миллион теңге сауықтыру жәрдемақысы төленіп, ұзақтығы 30 күнтізбелік күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысының берілуі қамтамасыз етілді. Биылғы жылы 15 азаматтық қызметші заңды құқықтарын пайдаланып, сауықтыру жәрдемақысы төленетін 30 күндік еңбек демалысына шықты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.