• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысындағы жатақханалар жайы

turan_admin turan_admin
22.05.2019, 18:28
Жаңалықтар
Жамбыл облысындағы жатақханалар жайы
330
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жастардың жатақханамен қамтамасыз етілуіне ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» тың серпін беріп отыр. Қазіргі таңда ел аймақтарында жаңа студенттер үйінің іргетасы қаланып, тіпті алғашқы қатары беріле де бастады. Елбасы ұсынған «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» жайын «Нұр отан» партиясы өз бақылауында ұстап келеді. Еліміздегі студенттер саны 500 мыңға жуық. Оның ішінде 41 пайызы өзге өңірлерде оқитын жастар. Өткен жылы 85 мыңнан жоғары студент жатақханаға зәру болған. Оның жартысынан көпшілігі мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алушылар. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмысы Жамбыл облысында да қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда облыстағы үш жоғарғы оқу орнының екеуінде (ТарМУ-804, ТарМПУ-460) жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақханалары бар. Мұның өзі студенттер үшін жеткіліксіз. Облыста әлі 1637 студент үшін орын қажет. Таразда 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік серіктестігі аясында 1650 орындық 3 студенттік жатақхана салу көзделген.  Тараз мемлекеттік университетінде 11 726 студент білім алады. Әлі де 650-ден астам орын қажет-ақ. Қазіргі таңда жатақхана соғуға инвестор («ПИКО» ЖШС-і) анықталып, 500 орындық ғимараттың құрылысы басталған. Студенттердің жаңа жайлы қонысы Қ.Сәтпаев көшесі соңындағы корпус маңында бой көтеруде. Тараз мемлекеттік педогогикалық университеті де жатақхана мәселесін шешуге асық. 0,7 гектар жерде 500 орындық (5 қабаттан тұратын) жатақхана құрылысын бастауды жоспарлауда. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Елбасының бастамасын жүзеге асырған өңірдегі алғашқы білім ордасы. Тараз қаласы аумағынан бұрынғы «Тараз» қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мәселесін шешіп отыр. Жамбыл облысындағы жатақханалардың жай-күйі «Нұр Отан» партиясымен қатар өңірдегі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» назарынан да тыс қалған емес. Бұл орталық азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға мол септігін тигізіп келеді. Сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастаманы» іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты жобасын биыл сәуірден бастап жүргізе бастады. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруымен «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі сегіз ай бойы өңірде «Азаматық бақылау» қоғамдық мониторингісін жүргізетін болады. Қоғамда кей мемлекеттік жобаларды жұрт жете түсінбей жатады. Мұндайда кері байланыс ауадай қажет. Сондықтан да 7-20-25 бағдарламасы, жалақының көтерілуі, шағын және орта бизнесті несиелендіру, ауыл аймақты газдандыру және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша сауалдарды осы орталыққа жолдауға болады. Арнайы Call-орталығына (8 800 080 77 50) қоңырау шалып, сұраққа жауап алу жолдары да қарастырылған. Одан өзге ресми сайттары арқылы өтініштер қалдыруға болады.

Дереккөз: https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/57226/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.