• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт болатын КЭС салынуда

turan_admin turan_admin
21.12.2021, 17:06
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт болатын КЭС салынуда
168
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданындағы «АЕК АСА» ЖШС күн электр станциясының құрылыс барысымен танысты.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталғанэлектр станциясының құрылысы2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда. Жобалық қуаты – 50 МВт.

Жоба аясында16 млрд. теңге инвестиция тартылуда.

Жергілікті билік инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектесуде. 300 гектар жер бөлінген. Бас мердігер «RODINA» компаниясы (Украина).

Жоба жетекшісі Денис Ткаченконың айтуынша күн электр станциясының құрылысына 170 адам тартылса, нысан іске қосылғаннан кейін 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Бір айта кетерлігі, станцияға орнатылып жатқан электр өндіретін панельдер күн сәулесіне қарай арнайы механизімнің көмегімен қозғалып отырады. Мұндай заманауи қондырғы өңірімізде алғаш рет қолданысқа енуде.

— Жамбыл облысының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудағы әлеуеті зор. Инвестициялық ортаны жақсарту, табиғи ресурстарды барынша пайдалану бойынша шаралар қабылдау қажет. Күн электр станциясы – өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын маңызды нысан. Мұндай жобаның іске асуы жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салық түсімдерінің және өңірге тартылатын инвестициялардың артуына ықпал етеді, бұл облыс экономикасына оң әсер етері сөзсіз, — деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік,Жамбыл облысындабаламалы электр қуатын өндіретін нысандардың саны 17-ге жетті. Олардың жалпы қуаты 388 МВт құрайды. Бұл нысандармен елдегі баламалы электр энергиясының 20 пайызы өндіріледі.

Сондай-ақ, өңірге жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Аса ауылдық округіндегі «Алел Агро» ЖШС құс фабрикасында болды. Жобалық құны – 1,2 млрд теңгені құрайтын, заман талабына сай салынған нысан арнайы қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда өндіріс толығымен іске қосылған.

Облыс әкімі тұрақты жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындарды тарту керектігін баса айтты.

Аймақ басшысы «АСА АГРО» ЖШС құс фабрикасының құрылысымен де танысты. Жоба құны – 8 миллиард теңге. Мұнда жылына 21 мың тонна өнім шығару жоспарланған.

-Жалпы, көлемі 2,6 гектар жер телімімен бұрынғы сүт тауарлы фермасының ғимараты сатып алынып, демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Германиядан арнайы құрылғылар жеткізілді. Егер жоба толығымен жүзеге асса, жылына 21 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта өндіріс қуатын екі-үш есеге артады деп күтілуде,-деді серіктестік басшысы Төлебай Меңдіоразов.

Бердібек Сапарбаев жергілікті билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.