• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Жамбыл облысында партиялық тыңдау өтті

27.09.2017
0
Жамбыл облысында партиялық тыңдау өтті
210
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қаңтар-тамыз айларында атқарған қызметінің қорытындылары туралы партиялық тыңдау өтті.
Жиынды партия облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев тізгіндеді.
Әуелі күн тәртібіне қойылған аталмыш орталықтың жұмысы туралы аймақтық департамент басшысы Данияр Медетбеков баяндама жасады.
–Қазіргі таңда облыс бойынша 5 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған бөлім және 4 сектор жыл басынан азаматтаға1 574 648 қызмет көрсетсе, оның ішінде 1 021 602 электрондық негізде көрсетіліп, жалпы көрсетілген қызмет санының 65 пайызды құрап отыр. Орталықта бөлімдерінде мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» яғни өзіне-өзі қызмет ету секторы жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 8 айында секторлар арқылы 269 067 қызмет көрсетіліп, 357 201 кеңес берілген, өткен жылғы кезеңге сәйкес өз бетімен 188 594 қызмет алынып, 285 557 кеңес берілген. Яғни, қызметтерді өз бетімен алушылардың саны 42% көбейгендігін көруге болады.
Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. ХҚКО-да 18 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс жасауда, – деген Данияр Түзелбекұлы пилоттық жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңнен тоқталып, жоба аясында бір өтініш негізінде бірнеше қызметтерді алуға болатындығын айтты.
Ал партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссияның кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Абай Нұржанов орталық жұмысын саралай клее, зерделеу жұмыстары барысында назарға алынған олқылықтарды алға тартты.
–Департаменттің аумақтық бөлімшелері бойынша бүгінгі таңда Тараз қаласының 6-шы мөлтек ауданында орналасқан №2 бөлімі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратының жалпы пайдаланатын алаңының көлемі небары 117,7 шаршы метрді құрайды. Ал бұл жағдай осы бөлімшеде қала тұрғындарына қызмет көрсетуге өте қолайсыз жағдайлар туғызуда. Себебі, біріншіден мекемеге кіре беріс жерінде орнатылған пандус стандарттық талаптарға сай келмейді. Екіншіден, ғимараттың өте тарлығы қызмет алушыларға мүлдем қолайсыз. Сонымен қатар, Төле би көшесі, 198 «А» мекен жайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ғы бөлімнің жалпы алаңы – 790,3 шаршы метр. Орталықта автокөліктерді тіркейтін және жүргізуші куәліктерін рәсімдейтін операциялық зал, емтихан сыныбы, дайын құжаттарды беретін сектор мен көлік құралдарына төленетін салық төлемдерін салыстыру мақсатында салық басқармасының өкілі қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, көлік құралдары мен жүргізуші куәліктерін әзірлейтін бөлмелер де осы ғимаратта орналасқан.
Дегенмен, аталған бөлімшенің орналасқан жері өте қолайсыз таңдалған. Себебі осы бөлім ғимараты тиісті талаптар мен стандарттарға сай жабдықталмаған, – деді партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия кураторы Абай Құралбекұлы.
Жиын соңында жоғарыда аталған кемшіліктерге жете мән бере отырып, облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын жетілдіру мақсатында, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Тегтер: нұр отан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты