• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты ахуал тұрақты

15.06.2021
0
Жамбыл облысында  әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты ахуал тұрақты
140
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте автомобиль жолдарын дамыту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері сараланды.

Биыл жолдарын салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға 5,6 миллиард теңге қаралған.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 25 жобаға, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 74 жобаға және Тараз көшелерін орташа жөндеу бойынша 26 жобаға қаржы қаралған.

Жергілікті маңызы бар 3,6 шақырым жаңа жолдар салу,   116,9 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жолдарды күтіп ұстауға 900 миллионнан астам теңге бөлінген.

Бақытжан Жәнібеков облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар автожолдарды орта жөндеу жобалары толықтай дерлік суық ресайклер технологиясын қолданумен іске асыру көзделгенін жеткізді.

Ол сондай-ақ шұғыл шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айжан Туғанова Меркі – Бурылбайтал автомобиль жолының құрылысы туралы баяндады.

— Облыстың кейбір аудандарында ауыр жүк техникаларының салдарынан жөнделген жолдар қайта бұзылуда. Тиісті басқарма мердігерлерден анықталған кемшіліктерді реттеуді талап етуі тиіс. Көлік инспекциясы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейтуі керек, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген еңбек тәуекелдері картасына сәйкес Жамбыл облысында әдеуметтік-еңбек қатынастары тұрақты деңгейде сақталуда.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 475 жеке және заңды тұлғаның өтініші негізінде 36 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 26 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде жалпы құны 1 миллионнан астам теңге көлемінде 8 айыппұл салынып, 15 нұсқама берілген.

Жыл басынан бері 108,1 млн.теңге көлемінде жалақы берешегі анықталып, бүгінгі күнге дейін ол толығымен өтеліп, 733 қызметкердің еңбек құқығы қорғалған.

Одан бөлек, басқармамен облыстық «Ыстық нүкте» картасы әзірленіп, оған обылыстың еңбек  тәуекел қаупі жоғары 45 кәсіпорын енгізіліп, тұрақты бақылауға алынған.

Сонымен қатар, Қайрат Досаев Тараз қаласындағы барлық кәсіпорындар ұжымдық келісімшартқа отырмағанын тілге тиек етті.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне ұжымдық шарттарға қол қою және электронды еңбек шарттарын енгізу барысын қадағалауды тапсырды.

— Ең бастысы – сапалы құрылыспен қаражаттың уақытылы игерілуі, жергілікті материалдардың қолданылуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және жұмысшыларға жалақының тұрақты төленуі, — деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты