• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді деп жоспарлануда

turan_admin turan_admin
22.02.2023, 21:30
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында биыл егістік алқап 770,7 мың гектарға жетеді деп жоспарлануда
111
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.

Басқосуда баяндама жасаған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы дақылдары 756 мың гектарға орналастырылса, биыл оның көлемін 770,7 мың гектарға жеткізу көзделуде.

Ағымдағы жылы дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 398,2 га, майлы дақылдар 72,2, қант қызылшасын 10,4, картопты 11,8, көкөніс пен бақша дақылдарын 61,7, мал азығы дақылдарын 216,7 мың гектар алқапқа егіледі деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқымның 68,9 мың тоннасы дайындалған. Яғни қорда бар тұқымның 76,4 пайызы дайын. Бұдан бөлек қант қызылшасының, дәндік жүгері, картоп, сүрлемдік жүгері және күнбағыс дақылдарының тұқымы шет мемлекеттерден және Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарынан жеткізілмек.

Биыл көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін шаруа қожалықтарын 15,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отынымен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қажетті дизел отыны тиісті жанармай құю бекеттерінен арнайы операторлар арқылы шаруаларға төмен бағада босатылуда.

Сондай-ақ, биыл 280 мың гектар алқапқа 54 мың тонна тыңайтқыш пайдаланылатын болады.

— Біздің басқарма тарапынан шаруашылықтар 50 пайыз қаражатты өз есебінен, қалған 50 пайыз қаржыны субсидия есебінен жабу бойынша «ҚазАзот» ЖШС және «Қазфосфат» ЖШС-і зауыттармен меморандум жасалған. Меморандум негізінде облыс шаруашылықтарының егін науқанындағы отандық тыңайтқыштарға деген қажеттілігі мен сұранысы қамтамасыз етіледі,- дейді Нұрби Жігітеков.

 Облыс әкімі егіс көлемін арттыруды жоспарлап отырған аудандардың дайындықтарын сұрап, жанар-жағармайдың диқандарға кедергісіз жетуіне назар аудартты.

— Шаруа қожалықтарға операторлар тарапынан бөлінген дизель отыны ай сайын тиісті деңгейде үлестіріліп отыруы керек. Ол үкімет белгілеген жеңілдетілген бағамен берілуі тиіс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы басқармасы операторлардың жұмысын тұрақты қадағалап, шаруа қожалықтарына жеткізілуін бақылауда ұстағаны абзал,-деді Нұржан Нұржігітов.

 Келесі кезекте аймақ басшысы шаруа қожалықтарына төмен пайызбен несие беру жұмыстарына тоқталды. Бұл бойынша облыстағы қаржы ұйымдарының басшыларының есептерін тыңдады.

— Қазір ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінуде. Биыл қант қызылшасы алқабы бірнеше есеге ұлғайып отыр. Сондықтан да өңіріміз үшін тиімді дақылдардың бірі – тәтті түбір алқабын ұлғайтуға басымдық берілетін болады. Балтамыр көлемін арттыру бойынша шаруа қожалықтар арасында түсіндіру жұмыстары тоқтамауы керек.  Былтыр ауыл шаруашылығы құрылымдарына 60 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген болса, биыл оның көлемі 100 миллиард теңгеге ұлғайып отыр.

Сонымен қатар бір ескеретін мәселе, егіс алқаптарына ағын су жеткізу үшін шаруа қожалықтар «Қазсушар» мекемесімен келісім-шартқа отыруы керек. Аталған мекеме егіс алқабына су жеткізіп беруді міндетіне алған жағдайда ғана ол алқаптарға суармалы дақылдарды орналастыруға рұқсат берілуі тиіс, — дей келе Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Дереккөз-Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.